Бейсенбі, 25.04.2024, 08:41
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті

Қазақстан - менің Отаным
[ Жүктеу (21.2 Kb) ] 07.12.2011, 20:57

Қазақстан – менің Отаным

 Өз Ота­ныңын, өз еліңнің пат­ри­оты болғанға не жетсін! Сайын да­ла — атажұрт ба­бала­рымыз­дың көздің қара­шығын­дай сақтап, най­за­ның ұшы, білектің күшімен қорғағаны­ның арқасын­да бізге жетіп отыр. Ен­де­ше осын­дай алып Отан­ды сүйіп өту кімге де бол­сын па­рыз әрі қаси­етті міндет. Отан­ды сүю оның әрбір та­сын сүюден бас­та­лады. Яғни, туған анаңа, туған жұртыңа де­ген ма­хаб­бат Отанға де­ген ма­хаб­батқа ұлас­пақ.

 Қазақстан жерін ежел­ден қоныс­та­нып ке­ле жатқан ел — қазақ халқы. Көпте­ген ғасыр­лар бойы ел басқарған да­на бас­шы­лары­мыз, қол­басшы ба­тыр­ла­рымыз кең-бай­тақ жерімізді сырт­тан төнген кәуіптен қорғап келді. Қазақ халқы — ержүрек, дос­тыққа адал, ба­уыр­мал, қонақжай ха­лық.

 1991 жы­лы 16 жел­тоқсан­да қазақ халқы азат­тық жо­лын­дағы екі жа­рым ғасыр бойғы үздіксіз күрес­тен кейін мем­ле­кеттік тәуелсіздікке қол жеткізді.

 1991 жы­лы 1 жел­тоқсан­да бүкілха­лықтық елдің тұңғыш Пре­зидентін сай­лау өткізілді, сай­лау нәти­жесінде мем­ле­кет бас­шы­сы бо­лып Нұрсұлтан Әбішұлы На­зар­ба­ев сай­лан­ды.

 1992 жыл 4 ма­усым — Пар­ла­мент оты­рысын­да Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік рәміздері — Туы, ел­таңба­сы және Гимні қабыл­данды.

 1992 жыл на­урыз — Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы­на мүше бо­лып қабыл­данды.

 1993 жыл 28 қаңтар — Еге­мен Қазақстан­ның тұңғыш Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

 1994 жыл 6 шілде — Қазақстан Рес­публи­касы Жоғарғы Кеңесінің ке­зекті жал­пы оты­рысын­да Пре­зиденттің ас­та­наны Ақмо­лаға көшіру ту­ралы ұсы­нысы мақұлдан­ды.

 1995 жыл 29 сәуір — Рес­публи­калық ре­ферун­думда Қазақстан Рес­публи­касы­ның Пре­зиденті Нұрсұлтан На­зар­ба­ев­тың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 жел­тоқсанға дейін ұзар­тылды.

 1995 жыл 30 та­мыз — Қазақстан­ның жаңа Конс­ти­туци­ясы қабыл­данды.

 1997 жыл 10 қазан — Пре­зиденттің жар­лығымен мем­ле­кеттің ас­та­насы бо­лып Ақмо­ла жа­ри­ялан­ды.

 1997 жыл 11 қазан — Пре­зидент Н. Ә. На­зар­ба­ев рес­публи­ка халқына «Қазақстан — 2030» Жол­да­уын қабыл­да­ды.

 1999 жыл 10 қаңтар — Н. Ә. На­зар­ба­ев Қазақстан Пре­зиденті бо­лып қай­та­дан сай­лан­ды.

 2005 жыл 4 жел­тоқсан — Қазақстан Рес­публи­касы­ның пре­зиденті сай­ла­уын­да Н. Ә. На­зар­ба­ев Пре­зидент бо­лып сай­лан­ды.

 2007 жыл 4 ма­усым — Қазақстан Рес­публи­касы­ның мем­ле­кеттік ны­шан­да­ры ту­ралы Қазақстан Рес­публи­касы­ның Конс­ти­туци­ялық заңы қабыл­данды.

 Ел­де бейбітшілік пен келісімге, тұрақты­лық пен да­муға қол жеткізілді. Қазақстан Рес­публи­касы­ның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді да­му стра­теги­ясы белгіленіп жүзе­ге асы­рыл­ды.

 Тәуелсіздік — ғасыр­лар бойы аңсаған ар­ма­нын жүзе­ге асы­рып, Ұлы Ев­ра­зи­яның төсінде еге­мен, тәуелсіздік мем­ле­кетін Қазақстан­да тұра­тын әрбір адам өзін осы елдің пер­зенті сезінбейінше, бо­лашағына сен­бейінше, біздің жұмы­сымыз ілгері бас­пай­ды.

 Қазақстан Рес­публи­касы — Ев­ра­зия құрлығының ор­та­лық бөлігінде ор­на­ласқан мем­ле­кет. Жер көлемі — 2724,4 мың шар­шы км. Халқы — 16,1968 млн. Адам (2009 жылғы са­нақ бойын­ша). Ұлттық құра­мы жағынан: қазақтар — 53,4%, орыс­тар — 30,0%, ук­ра­ин­дар — 3,7%, немістер — 2,4%, ұйғыр­лар — 1,4%, ко­рей­лер (кәрістер) — 0,7%, өзге ұлттар — 5,9%.

 Мем­ле­кеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Рес­публи­касы — де­мок­ра­ти­ялық және біртұтас мем­ле­кет бо­лып та­была­ды. Ел тұрғын­да­ры негізінен ис­лам және хрис­ти­ан дінін ұста­нады. Бас­ты қала­мыз — Ас­та­на. Мем­ле­кет бас­шы­сы — Пре­зидент. Заң шығару­шы жоғарғы өкілді ор­га­ны — Се­нат (39 де­путат) пен Мәжілістен (77де­путат) тұра­тын Пар­ла­мент. Атқару­шы билік ор­га­ны — Үкімет. Ақша бірлігі — теңге.

 Пар­ла­мент — заң шығару міндет­терін жүзе­ге асы­ратын ең жоғарғы өкілеттік ор­ган бо­лып та­была­ды.

 Үкімет де­геніміз — мем­ле­кеттік атқару билігінің ең жоғарғы ор­га­ны. Үкімет­ке ми­нистрліктер, агенттіктер, ко­митет­тер, об­лыстық, аудан­дық және қала­лық әкімшіліктер бағына­ды. Үкіметті ең бас­ты ми­нистр — Премьер -Ми­нистр басқара­ды. Оны бұл ла­уазымға Пар­ла­менттің мақұлда­уымен ел Пре­зиденті тағайын­дай­ды.

 Ұлттық ақша — теңге. Қазақстан Рес­публи­касы­ның ұлттық ақша­сы пай­да­лануға 1993 жыл­дың қара­шасын­да енгізілді. Ақша белгілерін — теңге мен ти­ын­дардың түрлерін Қазақстан­ның ең таңда­улы су­ретшілерін қатыс­ты­ра оты­рып, Ұлттық банк жа­саған бо­латын.

 Мем­ле­кеттік наг­ра­далар бо­лып та­ныла­тын мы­надай ор­дендер мен ме­даль­дар бар.

 Жоғарғы деңгей­дегі айырым белгілері «Ал­тын қыран» ор­дені, «Ха­лық қаһар­ма­ны» атағы.

 «Отан», «Даңқ», «Ай­бын», «Па­расат», «Дос­тық», «Құрмет» ор­дендері.

 Ерлігі үшін, Жа­уын­герлік ерлігі үшін, Ерен еңбегі үшін, Ша­пағат ме­даль­да­ры бар.

 Қазақстан­да 14 об­лыс, 87 қала (оның екеуі рес­публи­калық дәре­жеде), 159 аудан, 195 аудан­дық деңгей­дегі елді ме­кен, 2150 ауыл­дық әкімшілік ок­руг бар. Рес­публи­ка аумағы ба­тыс­та Еділдің төменгі ағысы­нан шағыс­та Ал­тайға, 3000 км-ге дейін, солтүстікте Ба­тыс-Сібір жа­зығынан оңтүстікте Тянь-Шань та­улы жо­тала­рына 1600 км-ге со­зылып жа­тыр.

 Қазақстан сияқты жер көлемі жағынан әлем­де тоғызын­шы орын­да тұрған, та­биғи бай­лығы мол. Оның ішінде хром­ның әлемдік қоры­ның жар­ты­сынан ас­та­мы Қазақстан аумағын­да бол­са, одан өзге де қорғасын, мы­рыш, мыс, ал­тын мен күмістің бай қоры бар. Воль­фрам қоры бойын­ша екінші, мар­га­нец қоры бойын­ша үшінші, қорғасын мен мо­либ­ден қоры бойын­ша төртінші, темір кен­та­сының қоры бойын­ша сегізінші орын ала­ды.

 Қазақстан­ның ба­тысы мен солтүстік Ре­сей Фе­дера­ци­ясы­мен, оңтүстігі Түрікменс­тан, Өзбекс­тан және Қырғызс­тан­мен, шығысы Қытай­мен шек­те­седі. Қазақстан жер көлемі жағынан әлем­де Ре­сей, Қытай, АҚШ, Ар­генти­на, Бра­зилия, Ка­нада, Үндістан және Авс­тра­лия кейінгі 9-орын ала­ды. Кли­маты — ба­рын­ша кон­ти­нен­тальді.

 Қазіргі уақыт­та 2700 кәсіпо­рын өнеркәсіп өнімдерін өндіру­мен ай­на­лыса­ды. Бұл кәсіпо­рын­дарда өндіріс 812 мың адам жұмыс істейді.

 Же­текші өнеркәсіп са­лала­рының қата­рына түсті және қара ме­тал­лургия жа­тады. Жоғары са­палы мыс пен мы­рыш, қорғасын мен кад­мий әлемдік на­рықта үлкен сұра­нысқа ие.

 Қазақстан — дәнді дақыл­дар (негізінен ас­тық), азық түлік пен тех­ни­калық дақыл­дардың (күнбағыс, мақта) ірі өндірушісі. Ауыл ша­ру­ашы­лығын­дағы негізгі са­лалар­дың бірі — жеңіл өнеркәсіпті шикізат­пен, ха­лықты та­мақ өнімдерімен қам­та­масыз ететін мал ша­ру­ашы­лығы.

 Қазақстан мұнай қоры бойын­ша әлемнің көпте­ген мұнай өндіруші ел­дерінен ал­да тұрды. Рес­публи­када қазіргі уақыт­та бар­ланған және та­былған 2,8 млрд. тон­на мұнай мен кон­денсат қоры­нан және 1,9 трил­ли­он тек­ше метр газ қоры­нан тұра­тын 172 мұнай, 42 кон­денсат және 94 газ кен ор­ны бар. 1993 жы­лы сәуір айын­да Қазақстан мен «Шев­рон» ком­па­ни­ясы мұнай мен бар­лау ісі бойын­ша — «Теңізшев­ройл» бірлес­кен кәсіпор­нын құру ту­ралы келісім жа­сады. Қазақстан­ның газ өндірісінің бо­лашағы үлкен. Әлем­дегі ірі кен орын­да­рының қата­рына жа­татын негізгі газ кен орын­да­ры Қара­шығанақта ор­на­ласқан. Қазақстан­мен ара­да жа­салған келісімдер­ге сәй­кес «Бри­тиш газ» бен «Ад­жип» ком­па­ни­яла­рының осы кен ор­ны аумағын­да жүргізілетін жұмыс­та­ры бас­талған­нан кейін рес­публи­када газ өндіру ай­тар­лықтай өсетін бо­лады. Өзіндік да­му жо­лын та­ба білген елдің ең жаңа та­рихы, әсіре­се, оның бас­тапқы ке­зеңі, атап айтқан­да жаңа мем­ле­кет ретінде дүни­еге келіп, қалып­та­су және да­му та­рихы кімді де бол­са қызықты­рары сөзсіз. Ең ал­ды­мен ол, ұлт тағды­ры үшін ше­шуші рөл атқарған аса маңыз­ды та­рихи құбы­лыс ретінде, осы елдің қазіргі және ке­лешек­те дүни­еге ке­лер жас ұрпағы үшін қым­бат. Уақыт озған сайын қай­та құрылған мем­ле­кетіміздің алғашқы қалып­та­су ке­зеңіне, яғни ірге­тасы­ның қай­та қала­ну ке­зеңіне де­ген қызығушы­лықтың ар­та түсері, ол ке­зеңнің қара­ма-қай­шы­лықтарға то­лы күрделі де маңыз­ды ке­зең ретінде жан-жақты зерт­те­лері, оның та­рихы­на ар­налған іргелі еңбек­тердің дүни­еге ке­лері анық.

 Қазақстан­дағы білім бе­ру жүйесі бір-бірімен өза­ра бай­ла­ныс­ты бірне­ше деңгей­ден тұра­ды, олар: мек­тепке дейінгі тәрбие орын­да­ры, жал­пы білім бе­ру мек­тептері, кәсіптік — тех­ни­калық мек­теп, ар­на­улы ор­та және жоғарғы оқу орын­да­ры жұмыс істейді. Олар­дың ара­сын­да Қазақ ұлттық уни­вер­си­теті, Қараған­ды мем­ле­кеттік уни­вер­си­теті, Ев­ра­зия ұлттық уни­вер­си­теті т. б. тәрізді жоғары са­палы ма­ман­дар да­яр­лап ке­ле жатқан оқу орын­да­ры бар.

 Қазақстан ғылы­мы әлемдік ғылым қазы­насы­на зор үлес қос­ты, іргелі ғылым­дарды түбе­гейлі зер­те­уге бағыт­талған ірі инс­ти­тут­тар жұмыс істейді.

 Рес­публи­каның ғалым-ар­хе­олог­та­ры әлемдік маңызға ие сақ дәуірінің ғажайып ес­керткіштерін — Есік және Бе­рел қорған­да­рын іздестіріп тап­ты. Есік қорғаны­нан біздің за­маны­мызға дейін 5 ғасырға жа­татын «Ал­тын адам» мүрдесі та­был­ды.

 Ден­са­улық сақтау са­ласы мем­ле­кеттік және мем­ле­кеттік емес сек­торларға бөлінеді. «Қазақстан — 2030» Стра­теги­ясы­на сәй­кес са­ла­уат­ты өмір сал­ты мем­ле­кет да­му­ын­дағы аса маңыз­ды бағат­тардың бірі бо­лып жа­ри­ялан­ды.

 Рес­публи­каның мәде­ни өмірі сан са­лалы. Ел­де 52 те­атр (оның екеуі опе­ра және ба­лет те­ат­ры, 15-і қазақ, 14-і орыс, ұйғыр, ко­рей және неміс дра­ма те­ат­ры, же­теуі қуыр­шақ те­ат­ры), 15 фи­лор­мо­ния, 64 му­зей, 10 мыңнан ас­там кітап­ха­на (оның 3066-сы мем­ле­кеттік), 2227 мәде­ни-са­уық ме­кеме­лері, 271 ки­ноте­атр, 24 кон­церттік ме­кеме­лер бар.

 Қазақстан­ды әлем­ге та­ныта­тын белгілердің бірі ел спорт­шы­лары­ның әлемдік аре­надағы жетістіктері бо­лып та­была­ды. Бо­лашақ спорт­шы­ларға олим­пи­ада чем­пи­он­да­ры Е. Иб­ра­имов, В. Смир­нов, Б. Сат­тарха­нов, О. Ши­шиги­на, т. б. спорт­шы­лар­дың жарқын жеңістері үлгі бо­ла ала­ды.

 Әлемнің 120-дан ас­там мем­ле­кет­тері рес­ми түрде та­ныған Қазақстан Рес­публи­касы Біріккен Ұлттар Ұйымы­на (1992ж.), басқа да ха­лықара­лық ұйым­дарға мүше.

 Қазақстан — яд­ро­лық қару­дан бас тартқан ең алғашқы мем­ле­кет.

 Ел тәуелсіздік мем­ле­кет ретінде да­мыған жыл­да­ры құқықтық және аза­мат­тық қоғам құру жо­лын­да еле­улі та­быс­тарға жетті.

 Та­биғаты: Қазақстан­ның жер бе­дері ба­рын­ша әр алу­ан. Оның кең-бай­тақ аумағын­да та­улар да, ор­ман-тоғай­лар да, кең жа­зықтар да бар. Жер бе­дері Қазақстан­ның ба­тыс және солтүстік аудан­да­рынан шығыс және оңтүстік-шығысы­на қарай биіктей түседі. Маңғыс­тау түбегіндегі теңіз дей­гейінен 132 м мөмен жатқан Қарақия ойысы мен Қазақстан­ның ең биік жері — рес­публи­каның оңтүстік-шығысын­да ор­на­ласқан Хантәңірі шыңының (абс. биіктігі 6995 м) ара­сын­дағы биіктік айыр­ма­шылығы 7127 м. Кас­пий теңізінің қазақстан­дық бөлігінің ең те­рең жері 600 м-ге же­теді.

 Рес­публи­ка аумағының солтүстік-ба­тысын Кас­пий жағала­уы ой­па­ты (абс. биіктігі 28 м-ден +50 м-ге дейін) алып жа­тыр. Әлемдік мұхит деңгейінен төмен жатқан Кас­пий ой­па­тының ені теңіздің солтүстік жағала­уын­да 250 км-ге, ал солтүстік-шығысын­да 120 км-ге же­теді. Жайық Маңғыс­тау та­ула­рымен (300м) шек­те­леді.

 Оңтүстік Орал және Мұғад­жар та­ула­ры мен Са­ры­арқа шоқыла­ры ара­сын­да ені 250 -500 км-ге же­тетін Торғай қола­ты ме­риди­ан­дық бағат­та со­зылып жа­тыр.

 Солтүстік тізбек­те Са­рым­сақты (3373), На­рым (3483 м) және Күршім (2645 м) жо­тала­ры енеді. Олар­ды Күршім өзенінің аңғары бөліп жа­тыр. Ертіс өзенінің аңғары арқылы бөлінген Са­уыр (2053) және Тар­бағатай (2992 м) та­ула­рынан Зай­сан көлі ор­на­ласқан қазаншұңқыр (400 м) бөліп тұр.

 Ал­тай­дан солтүстік-ба­тысқа қарай, Ор­та­лық Қазақстан­да Шыңғыс­тау со­зылып жа­тыр. Тар­бағатай жо­тала­ры мен одан оңтүстікке қарай ор­на­ласқан Жетісу (Жоңғар) Ала­та­уының ара­лығын­дағы кең алқап­та Алакөл ой­па­ты (340 м) бар, ол оңтүстік-шығысын­да Жетісу (Жоңғар) қақпа­сы (600 м) деп ата­латын сүйірленіп кел­ген та­уара­лық аңғар түзеді.

 Жетісу та­улы ай­мағына оның бас­ты тізбегін (ең биік тұсы — Бес­бақан шыңы, 4464 м) жа­най ор­на­ласқан Тоқсан­бай (3600м), Тышқан­тау (4359 м), Ал­ты­неміл (293 м) жо­тала­ры енеді.

 Қазақстан, Қырғызс­тан және Қытай мем­ле­кет­тері ше­кара­лары­ның түйісінде жатқан Хантәңірі шыңы (6995 м) Ор­та­лық Тянь-Шаньнің Қазақстан­дағы бөлігі бо­лып та­была­ды. Тянь-Шянь­ның тар­мақта­ры — Үлкен және Кіші Қара­тау жо­тала­ры Тұран жа­зығына ішкерілей еніп, то­лығымен Қазақстан аумағын­да жа­тыр.

 Әрбір адам ба­ла кезінен «Қазақстан — менің Ота­ным, оның мен үшін жа­уап­ты екені сияқты, мен де ол үшін жа­уап­ты­мын» де­ген қара­пайым ой­ды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн.

 Ал­ма­ты — біздің тәуелсіздігіміздің ал­тын бесігі, мем­ле­кетіміздің ал­тын діңгегі.

 Ас­та­на кел­беті — ұлт кел­беті.

 Ас­та­на — Ота­нымыз­дың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі.

 Қазақстан Рес­публи­касы­ның ұлттық рәміздері: Туы, Ел­таңба­сы, Гимні бар.

 Ыс­тық қой. Шіркін, туған жер! Туған жер­ге жет­кенше, қайтіп дәтің шы­дай­ды? Кім сағын­бас өз қағын? Кім сүй­месін өз жерін? Сүй­ме­се сүй­мес зер­десіз, шерсіз жүрек, тілеуі бөлек же­тесіз…

Бөлімі: Қазақ әдебиеті | Қосқан: Мико | Ілмектер: Қазақстан – менің Отаным, Қазақстан
Қарағандар: 11349 | Жүктелген: 396 | Рейтинг: 5.0/3
Барлық түсініктер: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: