Жұма, 29.03.2024, 05:09
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

Жәнібек хан (1473-1480)
[ Жүктеу (14.1 Kb) ] 29.11.2011, 19:39
Жәнібек хан (1473-1480)

Жәнібек Әбусағит (туған жылы мен өлген жылы белгісіз) - Қазақ хандығы мен қазақ хандары әулетінің негізін қалаушы, Барақ ханның ұлы, Орыс ханның шөбересі. XV ғасырда өмір сүрген. XV ғасырдың 50-жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.


1456 жылы Дешті-Қыпшақта шайбанид Әбілхайыр билікті қолына алған соң, көшпенді халықтың Жәнібек пен Керей бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен соғыстардан жапа шеккен 200 мыңға жуық көшпенділер Жәнібек хан мен Керей ханның маңына топтасты, олардың билігінің күшеюі 1468 жылы Моғолстанға әскери жорық жасамақ болып, бірақ жол үстінде кенеттен қайтыс болған Әбілқайырға олар тарапынан қауіп төнуі мүмкін деген ой салды.


Әбілқайыр хан өлімінен кейін хан тағы үшін болған өзара қырқысулар Дешті-Қыпшақта өрши түсті, оған туған жерге оралуды көздеп жүрген Жәнібек хан мен Керей хан да араласып кетті. Олар Әбілқайыр мұрагері Шейх-Хайдар ханмен кескілескен шайқасқа түсті. Өз әміршілері тарапынан ешқандай көмек ала алмаған Шейх-Хайдар билік үшін күресте жеңіліске ұшырады. Бұдан кейін Дешті-Қыпшақтағы билік Орыс ханның тұқымдары - Жәніібек хан мен Керей ханның қолдарына өтті. Олар тағы да отыз жыл бойы шайбанилықтармен табан тіресе шайқасты.


Дегенмен, бұл оқиға «Көшпелі өзбектер мемлекеті» атының Дешті-Қыпшақ болып өзгеруіне ықпал етті. Бір кездері Моғолстанға қоныс аударған адамдар Өзбек ұлысында «қазақтар» деп атала бастады және бұл атау бүкіл хандыққа тарай бастады. Билік үшін күрес Жәнібек хан мен оның үзеңгілестері қазақтардың бірігуі мен Қазақ хандығының құрылуына үлес қосты.


XV ғасырдың орта шанінде ежелден Жетісу өңірін мекендеген түркі тайпалары бір этникалық топқа біріге келе, қазақ халқын құрады. Жәнібек хан мен Керей хан Жетісу өңірі, Шу мен Талас өзендерінің бойын мекендеген қазақтардың басын қосуда көп еңбек сіңірді. Бұл мақсатпен олар өзара қырқысуларды басып, ірі феодалдарды маңайына топтастырды. Жәнібек ханның Дешті-Қыпшаққа оралғаннан кейін билігін күшейткені туралы, өмірінің соңғы жылдары мен өлімі туралы деректер жоқ. Оның есімі тарихи деректерде соңғы рет1473 жылы кездеседі. Бұдан кейінгі жылдары Керей хан туралы ғана айтылған. Жәнібек хан жиі болатын шайқастардың бірінде қаза тапқан деп болжауға болады. Сақталып қалған халық аңыздары мен өлеңдерінде Жәнібек ханды Әз Жәнібек деп атаған.
Бөлімі: Қазақстан тарихы | Қосқан: Мико | Ілмектер: Жәнібек хан
Қарағандар: 2922 | Жүктелген: 162 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық түсініктер: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: