Жұма, 26.04.2024, 02:38
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Басқа

Бал ашпа
[ Жүктеу (22.4 Kb) ] 24.11.2011, 19:54
Жұлдызжорамал жасаумен айналысушылық өте ертеде пайда болған. Біздің заманымызға дейінгі III-ші мыңжылдықта халдейлік және бабылдық абыздар жұлдызбен жорамалдаудың жүйесін құрған. Аспан денелеріне табынушы бұл қызмет Ассурияға, Бабылға, Мысырға, Қытайға, Грецияға және Римге тез таралып кетті. Кейіннен бұл оккульттық сенім толқыны ұлы апаттардың, саяси және халықтық өзгерістердің, мәдениеттің тоқырауының замандарына келіп соқтықты. Мысалы, бұған Рим мемлекетінің тарихы куәлік етеді. Салауатты мәдени қатынастар дәуірінде Катон мен Цицерон жұлдызбен жорамал жасауға қарсы шықты. Кейіннен, Рим ипериясын құлатуға әкеліп соққан процесстер басталған кезде, жұлдызбен жорамал жасау үлкен танымалдыққа ие болды. Оған Август және Тиберий патшалар қызығушылық танытты. Бұл ілім бізге қазір ұмыт болуға айнала бастаған Қайта құру заманында келді. Ол кезде жұлдызжорамалдар кез келген уақытқа – бір сағаттан бір жылға дейінгі мерзімдерге жасалды. Әсіресе Павел және Тамара Глобалардың жұбы айрықша танымалдыққа ие болды. Олар негізінен «жаһандық» өзгерістер болады деген жорамалдар жасады. Олардың «жорамалдарының» ақиқаттығы туралы қазір-ақ қорытынды шығаруға болады.
1994-ші жылы олар Аппенин түбегі екіге жарылады және Италия екіге бөлінеді деген жорамал жасаған болатын. Бірақ білетін адамдар ешқандай бөліну, екіге жарылу болмағанын, тіпті кішкентай сызат та түспегеніне куәлік бере алады. Олардың 1993-ші жылы Арменияда болады деген жорамалдары да, Құдайға шүкір, орындалған жоқ. Шығыстан келуге тиіс болған сұмдық төрт аурудың нәтижесінен жұқпалы аурулар етек алады деген жорамалдары да іске асқан жоқ. Жұлдыз жорамалшылардың болжай алмаған жалғыз нәрселері – Павел үшін зороастримдік ілімінің ұстаздары жасап берген күрделі жұлдызжорамал бойынша құрылған өз отбасыларының күйреуі болды.
Айтпақшы, америкалық зерттеушілер бірден мыңдаған отбасылық жұптардың үстінен бақылау жасаған (қарапайым адамдардың). Сонда бір-біріне «сәйкес» келеді деген жұптардың арасындағы ажырасу саны бір-біріне «сәйкес келмейді» деп болжанған жұптардың ажырасу санымен бірдей болған. Яғни, ешқандай да тәуелділік анықталмаған. Жұлдызжорамалшылардың ашқан әрбір жаңа жаңалығы жұлдызбен жорамал жасаудың негіздерін барған сайын шайқалта түсуде. Ежелгі жұлдыз санаушылар Жердің – мүлде Ғаламның кіндігі емес екенін әлі білмеген, олардың есептерінің барлығы сол кездегі белгілі жеті аспан денелері: Күннің, Айдың, Меркурийдің, Венераның, Марстың, Юпитер мен Сатурнның қозғалыстарымен байланысты болған. Бірақ, бақытсыздыққа орай, жаңа планеталар ашылды. Уран (1781 ж), Нептун (1846 ж) және Плутон (1930 ж). Зодиактың белгілері, тіпті, шоқжұлдыздар болып та табылмайды. Олар тек түрлі жұлдыздар ағынына жататын топтар ғана. Оларды тек адамның қиялы ғана біртұтас деп елестетеді. Газеттің жаңа нөмірінен мен космопсихология маманының жорамалын кездестірдім.
Бұл енді шынайы өмірге жақынырақ екен. Тіпті космос жағынан болса да, адамдар психологтың кеңесіне мұқтаж. Ондайлармен таласа да алмайсың. Әсіресе, егер сізге «алдағы демалысты жақындарыңыз бен достарыңызға жаңа жылдық сыйлықтар сатып алуға арнауға» кеңес берсе. (Қызық, желтоқсандағы соңғы демалыста бұдан басқа немен айналысуға болады? Немесе тағы мынандай кеңес: «жақындарыңызбен ұрыс-керіске бармай, оларға көбірек көңіл бөліңіздер». Меніңше, бұл кеңесті кез келген шоқжұлдыз белгісі астында туылған адамдардың барлығы да жыл бойы орындап жүруге міндетті.
Ал енді Құдайдың жаратылыс иелерінің ішіндегі ең естісі – адамға неліктен болашақты көру қабілетін бермегені жайлы ойланып көрейік. Ол тіпті бұған талпыныс жасап көрудің өзіне тиым салады. Исраил халқының көне заңдарына сәйкес, кімде-кім «жалған тəңірлерге, не күн, не ай, не басқа да аспан денелеріне жүгініп құлшылық етіп табынса», сол таспен атқыланып өлтірілуге тиіс болған (Заңд. қайталау 17:2–5).
Мүмкін, Құдай бұл жерде асқан қаталдық көрсетіп тұрған болар? Жұлдыздарға қарағанда тұрған не бар дейсің! Мүмкін, Ол біз білмейтін бір нәрсені білетін болар?
Егер Киелі кітап жұлдыздар арқылы жорамал жасауды қолдамайтын болса, онда оның артында кім тұр?
Жарайды, жорамалдар орындалмайтын да шығар, бірақ жұлдызжорамалда адам мінездері түрлі зодиак белгілерінің әдеттерінде аса шеберлікпен аңғарылады. Мысалы, Бикеш, Тоқты немесе басқа да белгілердің қасиеттерін өз бойымнан көптеп табамын. Психология курсында жасаған бір тәжірибеміз есіме түсіп тұр. Мүмкін, мұның тақырыбымызға қатысы да жоқ болар, әйтсе де.... Студенттер тобына «аса қауіпті қылмыскердің» бейнесін көрсетті.
Сынақтан өтушілер оның бойынан қатігездік белгілерін, қарақұсының әлдебір аңның қарақұсына ұқсас екені және т. б. көптеген қызықты нәрселерді тауып жатты. Ал өзге бір топқа дәл осы сурет «дарынды ғалымның» суреті ретінде ұсынылды. Олар: шындығында да ойлы адамға тән кең маңдайлы, ойлы көзді, қиындықтарға мойымайтын жігерлі адам екені көрініп тұр десті. Адамның бойынан әркім өзі тапқысы келген нәрсені табады.
Бөлімі: Басқа | Қосқан: Мико | Ілмектер: Бал ашпа
Қарағандар: 2254 | Жүктелген: 154 | Түсініктер: 1 | Рейтинг: 1.0/1
Барлық түсініктер: 1
0  
1 SAPON™   (24.10.2012 20:50) [Мәлімет]
biggrin biggrin biggrin biggrin biggrin

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: