Бейсенбі, 25.04.2024, 22:37
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Дүние жүзі тарихы

Ғұн империясы
[ Жүктеу (37.2 Kb) ] 20.01.2012, 15:06

Бір кездері Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ежелгі халықтардың бірі ғұндар болды. . Түрлі тарихи жазбаларда ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері түрліше аталады. Ғұндар құрған үлкен және шағын мемлекеттер белгілі. Ең үлкен және осыған байланысты неғұрлым белгілілері болып табылатын зор тарихи із қалдырған ғұндардың екі империясы бар. Олардың біріншісі - Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті, оны қытайлар Шаньюй Тұман (б.д.дейінгі 209 жылы өлген) деп атаған. Оның тұсында ғұндар мемлекеті біршама әлсірейді, бірақ оның есесіне мұрагері Қасиетті Мете (Мөде, Мао Дунь) б.д. дейінгі 209-176 жылдары "Ғұндардың ұлы империясы" деген мемлекетті басқарды. Екінші империя - Аттиланның (Еділ патша) империясы. Оның кезінде ғұндар Шығыс Еуропадан Сырдарияға дейін өмір сүрген халықтар мен аумақтарға иелік етті. Оның мемлекеті "Ғұндардың батыс империясы" деп аталды.

Ең алдымен ғұндар (гунну) неліктен осылайша аталды, оларды кімдер осылай атады дегенді айтуымыз керек. Ғалымдар арасында бұл мәселеде біраузыдылық жоқ. Еуропалық та, қытайлық та тарихшылар сонау алыс уақыттағы көшпенділерді түрліше атаған. Әрбір жүзжылдықта жылнамашылар мен тарихшылар өздерінің ыңғайына қарай атаған, ал қытайлықтар біздің дәуірімізге дейін және одан кейін де бір халыққа 32 атау берген. Батыстық ертедегі тарихшылар өз кітаптарына ғұндарды гун-гунний, хун-хунну, кун-кунну, хон-хэн, хун-ху-гуз, сюнну және тағы басқа сол сияқты жаза берген. Біз барлық осы атау-этнонимдерден біреуін - хунну дегенді немесе Аттила ғұндары туралы сөз қозғалғанда гунндар дегенді шығарып аламыз. . Қазақтар мен басқа түрік халықтары оларды "ғұндар" деп атайды, өйткені ғұндар шын мәнінде қазақтардың, жалпы түркілердің алыстағы ата-бабалары, сондықтан оларды біздер де осылайша атаймыз. Оған біздердің дәлелдеріміз жеткілікті.

Енді тарихи кітаптарға жүгінейік. Белгілі тарихшы Отто Франко өзінің үш томдық "Қытай тарихы" деген еңбегінде: "Ғұндар қайдан шыққан, олардың ата-бабалары кімдер екенін біздер айта алмаймыз. "Ғұндар" деген атаудың өзін бір халыққа біріккен әлдебір сан алуан тайпалар алған шығар. Шамамен "скифтер" дегеннің өзі де сондай. Бірақ олардың өзегі ең алуан уақыттар мен дәуірлерде түріктер болды дегенмен келісу керек",- деп жазды.

Қытайлардың өз "тарих атасы" Сы Машиян (Сыма Цянь) болды. Ол б.д.дейінгі 145 немесе 135 жылы туды. ¤лген жылы белгісіз. Оның "Тарихи жазбаларының" 110-шы бөлімінде ғұндарға байланысты:"Ғұндардың арғы атасы Шия хоу патшалығы әулетіне жататын Шоң би (Шун вей) болған ... Шоң биден Тұман қағанға дейінгі мыңжылдықтар барысында ғұндар біресе күшейіп, біресе әлсіреп отырған ... Ақыры тек Мөде тұсында олар өте күшті болды. Солтүстігінде олар өздеріне юечжи халқын қаратты, оңтүстігінде Қытаймен соғысты. Сол кезден бастап ғұндардың шағын империясы белгілі, оларды тарихи кітаптарға жаза бастады",-делінген.

Бұл "шағын империя" өзін барынша таныта бастады, сондықтан да қытайдың менмен патшасы Вен Ди (б.д.дейінгі 179-163 жылдар) Мөденің ұлы Лау Шанға жіберген жолдамасында сыпайылап:"Сіздің Құдыретті Мәртбеңізге біздің құттықтауымызды жолдаймыз" ,-дейді. Мұнысы - әміршінің артықшылықтарын тануы. Онымен өзін тең ұстаған, тіптен одан өзін биікке көтерген ғұндардың Құдыретті қағаны өзінің жауап хатында: "Аспан мен жерден жаралған, Күн мен Ай таққа отырғызған ғұндардың ұлы жолбасшысы Хань патшалығының билеушісіне өзінің жүрек жарды сәлемін жолдайды" ,-деп жазады.

Бұл жерде "Құдыретті" деген сөз Тәңірі-Көктен туды, құдай жаратқан, бақытты билеуші дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, ғұндардың билеушісі ол Тәңірі-Көк Құдайдан жаралдым дегенді мойындайды және соның арқасында патшалық құрған таққа отырдым дегенді білдіреді.

¦зындығы 10 мың лиден астам (бір ли жарты шақырымға тең) әлемге әйгілі ¦лы қытай қабырғасы ғұндардан қорғану мақсатында тұрғызылған. Оның құрылысы шамамен б.д.дейінгі 352 жылы басталып, б.д.дейінгі 213 жылы оны жанжалқойлығымен белгілі Ши Хуанди бітірді. Сонымен, біз ғұндар империясының оңтүстік шекарасы қай жерде болғанын білеміз. Ол тура ¦лы қытай қабырғасымен жүріп отырған және оның ұзындығы 5000 километр ... Ғұндар империясының шығыс шекарасы Сары теңізге жеткен, солтүстігі Байқал көлінде, батысы Хазар (Каспий) теңізінде болған. Сол уақыт үшін бұл әлемдегі ең ірі ел болды... .

Ғұндар мемлекетінде билікті мұрагерлік бойынша беріп отыру қатаң сақталды. Егер билеуші Тұманның белгілі бірінші жазбаша деректерінен санайтын болсақ, б.д.дейінгі 46 жылға дейін, ғұндар империясы Солтүстік және Оңтүстік болып бөлінгенде, ғұндар тағына 22 қаған отырыпты. Еуразия тарихында өшпес із қалдырған Аттила - "ғұндардың Батыс империясының" императоры өзін Құдыретті Мөденің (Моде-шаньюй) ұрпағымын деп санаған.

Академик Әлкей Марғұлан ғұндар туралы өзінің зерттеулерінде әрдайым "ғұндар тарихы - осы заманғы түрік халықтарының ертедегі тарихы, дәл солар ¦лы далада өз мемлекетін құрды",-деп еске салатын.

Көптеген ғалымдар түріктер ғұндардан тараған, ғұндар-біздердің алыстағы ата-бабаларымыз дегенді даулы санайды. Қазақтар тарихына 3-4 мың жыл, ал сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар біздердің заңды ата-бабаларымыз екенін дәлелдеу әлі алда. Бұл біздің ұрпақтарымыздың ісі.

Ғұндар Тәңірі-Көкке табынған халық болды, олар арғы аталарынан қалған барлық заңдар мен салттарды, неке мен азаматтық өмір заңдарын, дәстүрлерді сақтады. Ғұндардың еркектері шетінен жауынгер саналды. Бейбіт күндері ғұндар мал бақты, астық септі, қолөнер кәсібімен айналысты. Олар дүние жүзінде бірінші болып темір рудасын қайнатты, мыс-қоланы балқытты, алтын және металл бұйымдары мен әшекейлерін жасады. Олардың арасында қолынан өнер тамған шеберлер болды.

Академик Әлкей Марғұлан "Ертедегі әндер мен аңыздар" кітабында ғұндардың биік қабырғалармен қоршалған гүлденген қалалары болды деп жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді. .
Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері, тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі, Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. ¦лы түріктанушы және қазақ халқының досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз естеліктерінде : ... Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер. болды деп жазады, және де сөзінің дәлелі ретінде археологиялық олжаларды, этностардан және қазақ халық шығармашылығының басқа да шығармаларынан мысалдар келтіреді. .
Күнделікті өмірде ғұндардың салттары мен дәстүрлері, киім түрлері, тамақтану азықтары және тағамдары, елді және өндірісті басқару үрдістері қазақтыкімен толық сәйкес келеді деп батыл айтуға болады. Кеңкөлдегі, Пазырықтағы, Таластағы, Нойон уладағы, Орхон мен Енисейдегі, Іледегі археологиялық олжалар мен зерттеулер мұның осылай екенін дәлелдейді. Тіптен бүгінге дейін ғұндардың жазба мәдениеті болмаған деп саналып келді. Орхон-Енисейдегі, Таластағы, Есіктегі тастағы мәңгі сына жазулардың ғұндарға қатысы жоқ деген пікір басым болды. ¦лы түріктанушы және қазақ халқының досы Лев Николаевич Гумилев ғұндар туралы өз кітаптарында: "245-250 жылдары қытай елшісі Кан Тай Фунанға (осы күнгі Кампучий) сапар шегеді және өз естеліктерінде : ... Оларда, кампучийліктерде, кітап бар, олар оны мұрағаттар қоймасында сақтайды. Олардың жазулары ғұндардың жазуларына ұқсайды", - деп жазды. Егер ғұндарда жазу жоқ болса, онда қытай елшісі Кан Тай Фунан жазуын немен салыстырған? Бұл сұраққа жауап беру, бәлкім, біздің болашақ зерттеушілеріміздің үлесіне тиер.


Бөлімі: Дүние жүзі тарихы | Қосқан: Мико | Ілмектер: Ғұн империясы
Қарағандар: 4860 | Жүктелген: 385 | Түсініктер: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Барлық түсініктер: 1
0  
1 темирлан   (27.10.2016 12:49) [Мәлімет]
Ғұн империясы

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: