Сенбі, 20.04.2024, 13:07
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Дүние жүзі тарихы

Шыңғысхан және оның ұлдары
[ Жүктеу (32.3 Kb) ] 20.01.2012, 14:59

Шыңғысхан - "әлемді сілкіндіруші", ұлы қолбасшы және жаулап алушы - кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.

Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды. Бірақ тағдыр оған оң көзімен қарап, қиындықтармен және жоқшылықтармен күресте үлкен тәжірибе жинап, ол барлық қиын-қыстау кезеңнен аман шығады. Жоқшылықтар болашақ қолбасшы мен әміршінің мінез-құлқын нығайтады, оның дүниеге көзқарасын қалыптастырады. өзара күресте барлық қарсыластарын жеңіп, Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге біріктіреді және 1182 жылы оған "Шыңғыс" деген лауазым беріп, тайпа көсемдері оны хан сайлайды. "Шыңғыс" деген сөз "теңіз-мұхит" дегенді білдіреді. Сонымен, "Шыңғысхан" - теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген лауазым.

Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде "ұлы Яседе" бейнеленген (Яса-сөз) қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді, оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.

Жаулап алу соғыстарын бастаған Шыңғысхан екі үлкен мақсатты көздеді: біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай жазығындағы мадьярларға дейінгі барлық қандас халықтарды бір мемлекетке біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстың өркениетін өзара байланыстыру, олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялық құрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу. Мұндай жоспарды кезінде Атилла да қастерлегені сөзсіз. Бәлкім, бұл туралы ұлы Александр және Наполеон Бонапарт армандаған болар, бірақ мұндай идеяны жүзеге асыру, оны аяғына дейін жеткізу Шыңғыстың ғана пешенесіне жазылған еді. Тек моңғол жаулап алушылары ата-бабаларының "соңғы теңізге" жету, бір мұхиттан екіншісіне дейін созылып жатқан империяны құру арманын орындай алды. Қазақстан шебінде моңғол құрамалары Хубилайдың (Дзамби, Хубилай ханның әйелі) басшылығымен 1218 ж. көрінді. Моңғол әскерлері олардан қашқан меркіттердің артынан Ертіс жағалауына және Жетісуға келді. Хубилай қарлұқтарды бағындырды, Алмалықты басып алды. Сол жылы (1211) Қытайды басып алу науқаны басталды, сондықтан Хубилай әскерлерін шегіндіріп әкетті. Қытайды бағындыру соғысы 1216 жылы аяқталды, ол бітісімен моңғолдар дереу қазақ далаларымен шекарада пайда болды. Торғай далаларында қантөгісті шайқас өтті, онда меркіттер біржолата жеңілді. Хорезм мен оның төңірегіндегі жерлердің билеушісі Мухаммед Сұлтанның 60 мыңдық әcкері қыпшақтарды қуамын деп, бір тәулікке кешіккен еді. Олармен хорезмдіктердің ескі есептері бар болатын. Моңғолдар шайқасқа шығуға мәжбүр болды, бірақ олардың ешқайсысы жеңіске жете алмады. Түнде моңғол әскерлері шығысқа қарай жылдам жылыстап үлгерді. Шайқасқа қатысқан Хорезм шахтың ұлы Жалал ад-Дин сұлтан тұңғыш рет естуімен емес, өз көзімен моңғолдарды соғыста көрді. Моңғол жауынгерлерінің ерлігі Жалал ад-Динге үлкен әсер қалдырды. Және де осы шайқас "жеңілмейтін моңғолдармен" соғысуға болатынына сұлтанның көзін жеткізді. .

Шыңғысханның елшілері және оларға ерген саудагерлері, жалпы саны бес жүзге жуық адам, араларында сөзсіз моңғол барлаушылары бар, 1218 жылы Отырар қаласына келіп жетті. Отырар билеушісі Қайыр хан мұншама сән-салтанатты делегацияның жаулық ниетін аңғарып, керуенді тонап алды, ал елшілер мен барлық саудагерлер өлтірілді. Бұл кезде иелігіне Отырар енген Шах Мухаммед өз хатында оны "өз ұлым" деп атаған Шыңғысханға ыза болды, мұнысымен ол түркістандық билеушінің ар-намысын аяққа басып қана қоймай, баласының жерін әкесі өз жеріне қосып алатынындай, өз империясына оның жерін қосатынын аңғартқандай еді. Сондықтан елшілер Отырарда өлтірілген еді. Кінәсіз елшілердің өлтірілуін және сол уақыттарда басты міндеті барлау болған өз дипломаттарына немкеттілікті кешпеген Шыңғысхан қатты ашуланады және соғыс енді сөзсіз болатын еді.

Құрамына сол кезде Қазақстан енетін Хорезмшах империясы 13 ғасырдың басында, моңғол шапқыншылығы қарсаңында біріккен алып, әрі алуан тайпалы ел еді. Хорезмшах әскерлері моңғолдардікінен саны жөнінен екі есе басым болса да, Орта Азияның көпсанды және жақсы бекінген қалалары қарсылық көрсете алмады. Мұсылман монархының өзі әскери таланттан жұрдай болатын және де қиындық жылдарында мұсылмандықтың түрлі бұтақтары, сүниттер, шиіттер және көптеген басқа тақуалық секталар арасындағы қарама-қайшылықтармен бөлінген әртүрлі халықтар мен елдерді өз билігі уысында ұстап тұруға мықтылық, ерік-жігер және батылдық көрсете алмады.

1219 жылдың көктемінде Шыңғысхан мен оның қолбасшы балалары 230 мыңдық әскерімен Ертістен өтіп, қазақ даласына баса-көктеп енді. Оңтүстікте моңғол түмендерін Жебе нойон бастады, солтүстікте әскерлерге Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы басшылық жасады. Ол шайқаста қырғыздарды тас-талқан етіп, одан әрі Дешті-Қыпшаққа өтті. Отырарды қоршау жарты жылға дерлік созылды, бірақ Қараджа қожаның сатқындығынан кейін моңғолдар қалаға басып кіріп, жергілікті тұрғындарды өлтіре, тонай бастады. Жауынгерлердің шағын тобымен қаланың ортасындағы цитадельге бекінген Қайыр хан бекініс қабырғалары бұзылғаннан кейін де бір ай бойы қарсылық көрсетті. Цитаделді моңғолдар басып алғаннан кейін де, Қайыр ханның барлық жауынгерлері мерт болғаннан кейін де, жеңімпаздардың еркіне берілуді қаламаған ол әйелдер оған жеткізіп тұрған кірпіштермен жаудың бетін тойтарып; күресін жалғастыра берді. Кірпіштер де қалмағанда, моңғолдар ержүрек ханды ұстап алып, байлап-матайды. Қайыр ханды дарға асады. Отырар құлағаннан кейін қоршауға басшылық жасаған Шыңғысханның ұлдары Шағатай мен Угедей Орта Азия бойынша жеңісті шерумен кетіп бара жатқан негізгі моңғол әскерлеріне барып қосылды. Бұл кезде Хорезмшах империясының ең үлкен қалалары Бұқара, Самарқанд, Ходжент, Хиуа алынған еді. Келесі 1220 жылы Хорезм құлады. Моңғол қуғыншыларынан бас сауғалаған, өз қызметшілері мен жауынгерлері тастап кеткен Хорезмшахы Мухаммед Арал теңізінің бір аралына тап болады да, сол жерде аурудан қайтыс болады.

Осыдан кейінгі үш жылдың барысында Шыңғысханның ұлдары Жошы, Шағатай және Угедей тәжірибелі қолбасшылар Жебемен және Субедеймен бірге Иран мен Ауғаныстанды бағындырады, өз әскерлерімен оңтүстік орыс далаларына енеді, Кавказ бен Қырымды басып алады. Теректің төменгі сағасында оларға қыпшақтардың, черкестердің, лезгиндердің және аландардың біріккен әскерлері қарсы шығады. Қарсыластар әскерінен саны жағынан аз моңғолдар бұл жолы қыпшақтарға елшілер жіберіп, оларды одақтастарынан бөлінуге икемдейді, олардың қатарында алауыздық енгізеді де, содан кейін екі жақты жеке-жеке тас-талқан етеді. Солай бола тұрса да, қыпшақтар қарсылықтарын жалғастыра береді. Олардың қолбасшысы Қотян хан өзінің орыс туысқаны, күйеу баласы князь Мстислав Галицкийден көмек сұрайды. Қалқа өзенінің жағасында 1224 жылғы мамырдың аяғында орыс және қыпшақ (половцылар) біріккен қолдарымен моңғолдардың шайқасы өтеді. Моңғол тактикасының басымдылығы арқасында, сондай-ақ орыс әскерлерінің бірыңғай басшылығы болмағандықтан, Жебе мен Субедей шайқаста жеңіп шығады.

Сонымен, 1224 жылы бірінші міндет - Орта Азия, Түркстан және Кавказ халықтарын жаулап алу міндеті орындалды. Моңғол тарихы жөнінен неғұрлым анық және дәл ғылыми еңбектің иесі парсылық тарихшы Рашид ад-Дин Шыңғысхан империясы жеңген және қосып алған халықтардың тізімдерін келтіреді. Олар: қыпшақтар (түркі халықтарының синонимі), орыстар, черкестер, асылар (аландар), маджала (маджар, мадьяр), келар, пула (болғарлар), башқұрттар, ібір,сібірлер (сібір халықтары).

Моңғол басқыншыларына неғұрлым күшті қарсылық көрсеткен Мұхаммед шахтың мұрагері Жалал ад-Дин сұлтан болды. Моңғолдармен шайқастар тәжірибесіне ие ол тіптен шайқастарда моңғолдарды бірнеше рет жеңетіндей етіп өз жауынгерлерін ұйымдастыра және дайындай білді. Ауғандық Баммиан қаласының түбінде Жалал-ад-Дин Шыңғысханның өгей бауыры Шиги-Құтық түмендеріне соққы берді. Моңғолдар батыл Жалал-ад-Динді қууды жалғастырып, олармен ‡ндістанға дейін барады және 1221 жылы Инд өзенінің жағасында шешуші шайқас болады, мұнда ерлік үлгілерін көрсеткен мұсылман әскері жеңіледі. өзін шебер стратег ретінде көрсеткен Шыңғысханның өзі шайқасқа басшылық етті. Бірақ оның өзі де резервті, іріктелген "мың батырды", өз гвардиясын пайдалануына тура келді. Солар соғыстың тағдырын шешті. Жалал-ад-Дин және Ходжентті ерлікпен қорғаумен аты шыққан оның серігі Темір Мәлік екеуі өз әскерлерінің Инд өзені арқылы шегінуін жауып тұрды. Соңғы сәтте олардың өзі суға секіріп, өткелден жүзіп өтеді. Қарсыластарының ерлігін жоғары бағалай білетін Шыңғысхан өз ұлдарына жас сұлтанның ерлігін үлгі алуға лайық өнеге деп көрсетеді.

Сонымен, 1224 жылдың жазында Азияны бағындыру жөніндегі экспедиция аяқталды: моңғол империясының құрамына Қытай, Орта Азия, Түркстан, Кавказ, Қырым, Сібір, ‡ндістан енді. Кавказдағы соғыстарда Шыңғысхан жауынгерлері тұңғыш рет ашық шайқаста еуропалық солдаттармен - генуэздіктермен және венециандықтармен бетпе-бет кездесті. Алда Еуропа және батыс мемлекеттерден бірінші кезекте - Ертедегі Русь тұрды.


Бөлімі: Дүние жүзі тарихы | Қосқан: Мико | Ілмектер: Шыңғысхан және оның ұлдары
Қарағандар: 4141 | Жүктелген: 357 | Түсініктер: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Барлық түсініктер: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: