Сенбі, 20.04.2024, 12:26
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Дүние жүзі тарихы

Қытайдан басталған Ұлы Жібек жолы
[ Жүктеу (53.5 Kb) ] 20.01.2012, 15:11

Ұлы Жібек жолы - әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым елеулі жетістіктердің бірі.. Керуен жолдарының тарамдалған жүйесі Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуропа мен Азияны қым-қиғаш кесіп өтіп, ерте дүние мен орта ғасыр дәуірінде сауда байланыстары мен Батыс пен Шығыс мәдениеттері арасындағы тілдесуінің маңызды құралы қызметін атқарды. Жолдың неғұрлым ұзақ үзігі Қазақстан мен Орта Азия арқылы өтті. Б.д.дейінгі 2 ғасырдың ортасында пайда болған Жібек жолы , егер Шығыстан жүрсек, Қытайдан (Чаньани) басталады да, Ланчжоу ауданында Хуанхе асуы арқылы өтіп, одан әрі Нан-Шаньнің солтүстік сілемдері арқылы ұлы Қытай қабырғаларының батыс шетіне және "Яшмалық қақпалар бекетіне" жетеді . Такла-Макан шөлін солтүстіктен және оңтүстіктен жиектей отырып, бұл жерде бірыңғай жол тармақталады. Солтүстік жол Хами, Тұрфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені даласына тартады. Ортаңғысы - Чаочаннан Қарашарға, Ақсуға және Бедел асуы арқылы Ыстық көлдің оңтүстік жағасына тіреледі. Оңтүстігі - Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, ‡ндістан мен Жерорта теңізіне келеді. Бұл "Оңтүстік жол" деп аталады. Ал "Солтүстік жол" Қашқардан Ферғанаға және одан әрі Самарқант арқылы Бұқараға , Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға асады.

Бұрынғы Ферғана арқылы жол төте әрі қолайлы болса да, Қытайдан Батысқа Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жол 6-7 ғасырларда неғұрлым жандана түседі . Жолдардың ауысуын төмендегідей себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы сауда жолдарын бақылайтын түрік қағандарының ордасы тұрды. Екіншіден, 7 ғасырда Ферғана жолы өзара қырқыстан қауіпті бола түсті.‡шіншіден, бай түрік қағандарымен олардың төңірегі теңіздің арғы жағынан келетін тауарлардың ірі тұтынушыларына айналды. Осылайша бұл негізгі жолға айналды және де елшілік пен сауда керуендері 7-14 ғасырларда дәл осы жермен өтті. .

Жібек жолының бағыттары қатып қалған бірдеңе болмағанын атап көрсеткен жөн, жүз жылдың барысында оның жеке учаскелері мен тармақтарының бағыттары өзгеріп отырды. Негізгі жолдан басталған біреулері жарамсыз болып қалды, басқалары, керісінше, қызу жұмыс істеді, ал жолдармен бірге сауда жолдары мен қиылыстарында тұрған қалалар, селендер және керуен сарайлары дамыды немесе қаңырап қалды.

ұлы Жібек жолының қазақстандық үзігі былайша көрінді. Шаштан (Ташкенттен) шыққан жол Турбат асуы арқылы Испиджабқа бастады. Керуендер Испиджабтан шығысқа қарай Таразға, Шараб, Будыхкент, Тамтадж арқылы Абардаджға қарай жүрді.

Тараздан шығысқа қарай жол шөл жерлермен Құлан қаласына өтеді. Құланға барар жолда Жетісуды билеген қарлұқ тайпаларының дүкендері болған Қасрибас, Құлшөп және Жолшөп арқылы өтуге тура келді.

Құланнан одан әрі шығысқа қарай бір-бірінен 4 фарсах жерде Меркі және Аспара қалалары тұрды. Жулдан жол Сарығқа, содан кейін "түрік қағанының селеніне" және Қырмырауға тірелді. Ал бұл жерден Жетісудың ірі қалаларының бірі Науакентке (қытайша Синчан) жетеді. Бұл екі атау да Жаңа қала деген мағынада аударылады.

Науакенттен Пенджікент (Бунжікент) арқылы жол Жетісудың ірі қаласы Суябқа жеткізеді. Ол батыс түріктердің, содан кейін түргештердің, қарлұқтардың астанасы болған.

Суябтан Жібек жолы Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауларына шығады. Бұдан кейін бұл жолдар Қашқар мен Ақсу асуларында қосылады. Ыстықкөл қазан шұңқырынан Санташ асуы мен Қарқара жазығы арқылы жол Іле жазығына шығады да, содан кейін Іленің оң жағасымен ¤сек пен Хоргос алқаптары арқылы Алмалыққа әкеледі, ал содан кейін Такла-Макан шөлінің жиегімен, Хами мен Тұрфан жазирасы арқылы Дунхуанға және Қытайға тіреледі.

Жібек жолының бір тармақтары 10-12 ғасырларда бүкіл Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа кесіп өтті. Тармақтану Науакентте басталып, содан кейін Бунджікетке барып, Кастек асуы арқылы Іле Алатауының солтүстік сілемдеріне жеткізеді . Бұл жерде Шу мен Іле өзендері бассейндері арасында су айрығын құрайтын қасиетті ұрын-Ардж таулары белгілі жолсілтер бола алады. Осы заманғы Кастек, Қаскелең және Алматы қалаларының орнындағы шағын қалашықтар арқылы Жібек жолының нобайы Талғар қаласының солтүстік шетінде орналасқан Талхиз қаласына жетеді.

Талхиздан Жібек жолы тармақтанады. Оңтүстік жол Есік, Түрген, Шелек арқылы Борохудзир ауданындағы Іле өткеліне апарады, ал содан кейін Іленің оң жағалауымен Хоргос арқылы Алмалыққа тіреледі, осы жерде Ыстықкөл алқабынан келген жолмен қосылады. Солтүстік жол Талхиздан Талғар өзенінің бойымен Қапшағай шатқалы ауданындағы Іле өзеніндегі өткелге келеді. Содан кейін жол Шеңгелдіге жетіп, одан кейін Алтынемел асуынан асып, Көксу алқабына еңкейеді және Екіөгіз қаласына бастап барады.

Екіөгізден жол жабғу қарлұқтарының астанасы Қаялыққа (Қойлаққа) келеді. Одан әрі ол Тентек алқабынан өтіп және Алакөлді айналып Жоңғар қақпасы арқылы Шихо алқабына және бұл жерден Бесбалық арқылы Дунхуанға және ішкі Қытайға жетеді.

Алайда, Жібек жолының қазақстандық үзігіндегі бастапқы нүктелердің бірі - Испиджаб қаласына оралайық, содан кейін византиялық саяхатшы Земархтың ізімен - Тараздан Испиджаб арқылы Арал бойына және одан әрі Еуропаға жол тартайық.

Испиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзенімен Арал бойына келеді. Бұл бағыттағы неғұрлым ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шавгар болып табылады.

Отырар көптеген керуен жодарының торабы болды; бұл жерден бір жол Шавгарға, ал басқа біреуі Сырдария өткелі арқылы Васиджу қаласына бастады. Соңғысы Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-Насыр әл-Фарабидің туған жері еді. Бұл қала 13-14 ғасырларда Зернук деп аталды. Одан Сырдария өзені бойымен жол жоғары тартып, оғыздық қала Сүткент арқылы Шашқа, содан төмен қарай Жентке жетеді. Бұл жерден Қызылқұм арқылы Хорезмге, ‡ргенішке , бұл жерден Еділ бойына, Кавказға жол тартады. Еділдің төменгі ағысында алтын ордалық астана - Сарай қалыптасқан 13 ғасырда Жібек жолының бұл үзігі ерекше қызу болды.

Бұл жол 13-14 ғасырларда Сарайшық, Сарай-Бату және Каффу арқылы өтті.

Осы күнгі Түркістанның орнында, Шавгардың қасында, 10-12 ғасырларда Яссы қаласы қалыптасты, мұнда белгілі софы Ахмет Ясауи өмір сүріп, түріктер арасында исламды уағыздады. Шавгардан жол оғыздар мемлекетінің астанасы болған Янгикент қалашығына келеді. Сондай-ақ осы жерден жол Қызылқұм арқылы Хорезмге бастайды.

Шавгардан, кейініректегі Яссыдан асу арқылы Жібек жолы Қаратаудың солтүстік еңістеріне шығады, бұл жерден Сырдария бойымен жарыса жүрген жол басталады. Бұл жолдың бойында Созақ, ұрасотан, Құмкент, Сүгілкент қалалары жатты. Бұл жол Таразға бастады.

Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолының негізгі бойынан Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстан аудандарына, Дешті-Қыпшақ, кейінірек Сарыарқа деп аталған далаларға, Ертіс жағалауларына, Алтай мен Моңғолияға бастаған солтүстік пен шығысқа жол шықты.

Қазақстанның далалық аудандарын тек көшпенділер мекендемейтін. Егіншілікке лайықты жерлерде орта ғасырлық кезеңде егіншілік пен қалалық өмір пайда болып, дамыды. Мыс, қалайы, қорғасын, күміс кендерінің бай көздері қола дәуірден-ақ игеріліп, ал одан кейінгі уақыттарда бұл жерлерде кен қазушылардың, металл балқытушылардың, мыс пен күміс шеберлерінің қалашықтары өсіп жетілді.

Орталық Қазақстан аудандары табиғи ресурстарға бай болды, мұнда қара қорым қойлар отарлары мен үйір-үйір жылқы жайылып жүрді, сондықтан да бұл аудандар Жібек жолы жүйесіне енгізілді.

Отырардан Арсубаникет арқылы, Арыстанды, Шаян далаларымен, Қаратаудың аласа тауларынан асып, Шавғар мен Яссыдан Тұрлан асуы арқылы, Саураннан және Сығанақтан, Янгикенттен жол Орталық Қазақстан далаларына шығады және оғыздар, содан кейін қыпшақтар күнелткен Сарысу мен Кеңгір, Торғай мен Ешім өзендерінің жағалауларына жетеді. Сірә, ортағасырлық деректемелерде еске алынатын Жұбын, Қоңлыкент қалаларын, Орта және Кейтағ жайлауларын, әл=Ыдырыси бойынша Гарбиана, Махмуд Қашқари бойынша Бақырлытағ кен орындарын осы маңнан іздеген жөн.

Янгикенттен жол солтүстік-шығысқа қарай шығып, Белеуті өзенінің жағаларына, содан Қоңырат пен Қарсақпай аудандарына әкеледі. Сарысу деп аталатын жол Орталық Қазақстанға бастайды - Отырардан Шавғар мен Тұрлан асуы арқылы Ақсүмбеге, Сарысудың төменгі ағысына және өзен бойымен жоғары қарай ұлытауға (Кендірлік таулары), содан Ешім мен Ертіс бойымен кетеді. Неғұрлым төте жол Созақ арқылы Шудың төменгі ағысына барады, ал ол жерден Бетпақдала арқылы Жезқазған ауданына шығады. Тағы бір жол - "хан жолы" кейінгі уақыттарға дейін пайдаланылды және ол Тараздан Талас бойымен төмен қарай құлдилап, Мойынқұм мен Бетпақдала арқылы Атасуға өтеді.

Тараздан, Ибн Бахр мен әл-Ыдырсидің деректері бойынша, Адахкес және Дех=Нуджикес қалалары арқылы сауда жолы Ертіске- қимақтар хақанының резиденциясына шығады, одан әрі Енисей қырғыздарына қарай желі тартады. Әрбір үш жылда қырғыздарға жібек артқан керуен жөнелтілді. Іле жазығы Орталық Қазақстанмен Шу-Іле тауларының солтүстік еңістеріндегі жолдар, содан кейін Шу ағысымен Сарысу жағасына шыққан жол байланыстырады . Тағы бір маңызды жол Шеңгелді ауданында Солтүстік-Іле жолынан басталады. Ол Іле өзенінің тармағы Ортасу арқылы Ақтам және Ағашаяқ қалаларының қалдықтарын басып өтіп, Балқаш көлі жағасына, содан кейін көлдің оңтүстік пен солтүстік жағасын жалғап тұрған, 8 шақырымнан сәл-ақ астам бұғаз қалдырған ‡шарал жарты аралына шығады. Осындағы мүйістен көпшілік бөлігін су басқан қалашық қалдықтары табылды. Керуендер көлді өткелмен кешіп өтті немесе үстімен Тоқырау өзенінің сағасына шыққан деп болжауға болады, ал содан кейін оның жағасымен ұлытау сілемдеріне іліккен және содан кейін солтүстікке тартқан.

Оңтүстік Орал бойы арқылы Кама бассейніне Жібек жолын солтүстікпен жалғаған жол келеді. Осы жерден қымбат аң терілері Орта Азияға, Шығыс Түркістанға және одан әрі ‡ндістанға жеткізіледі.

Жібек жолы алғашында қытай жібегін Батыс елдеріне экспорттауға қызмет етті. ¤з кезегінде Римнен, Византиядан, ‡ндістаннан, Ираннан, Араб халифаттарынан, ал кейінірек Еуропа мен Русьтен бұл елдерде өндірілген тауарлар жеткізілді. Бұл таңданарлық, таңсық тауарлардың тізімі таусылмайды. Олар - мирра мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен жұпар жаңғағы, женшень мен жылан өті, кілемдер мен кездемелер, бояулар мен минералдық шикізаттар, алмас пен яшма, янтарь мен маржандар, піл сүйегі, күміс пен алтын құймалары, аң терілері мен тиындар, садақтар мен жебелер, қылыштар мен найзалар және көп басқалары.

Жібек жолымен сатуға Ферғанадан асыл тұқымды жылқыларды, араб сәйгүліктерін, түйелер мен пілдерді, керіктер мен арыстандарды, сілеусіндер мен қарақұйрықтарды, қаршығалар мен қырандарды, тауыстарды, тотыларды, түйеқұстарды әкелді.

Жібек жолымен мәдени өсімдіктер: жүзім, шабдал және қауындар, қалампырлар, бұрыштар мен қант, көкөністер мен жемістер, аскөктері тарады.

Тауарлардың, ғылыми және техникалық жаңалықтардың, қолданбалы өнер, сәулет, қабырғалық кескіндеме мәдениеті үлгілерінің таралуымен қатар Шығыс пен Батыс елдері бойынша Жібек жолымен музыка мен би өнері, ойын-сауық көрсетілімдері, өзіндік орта ғасырдың "эстрадасы" кең өріс алды. Мысалы, иран, соғдилық, түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп нәрсе енгізді. Жібек жолының барлық өнебойында тарихи ескерткіштерді қазу кезінде түрлі халықтардың музыкалық және театр мәдениеті саласында даму мен өзара байытудың көптеген материалдық растауы табылды .

Жібек жолымен діни ілімдер мен идеялар таратылды, түрлі миссионерлер өз діндерін теңіздің арғы жағындағы елдерге жеткізді . ‡ндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға буддизм келді , Сириядан, Ираннан және Арабиядан христиан діні, содан кейін ислам тарады.

Буддизммен бірге Батыстан Шығысқа Жібек жолымен бет алған несториандық мәндегі христиан діні өріс алды . Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 7-8 ғасырларда несториандық кең құлаш жайды .

Жібек жолымен тағы бір дін - манихейлік тарады. Ол 3 ғасырда Иранда пайда болып, Италиядан Қытайға дейін көптеген қолдаушыларын тез арада тапты.

Түріктік орта ғасырлық қалалар тұрғындарының арасында тағы бір дін - зороастризм өкілдері болды. Ол б.д.дейінгі 7-6 ғасырларда ертедегі Иран аумағында дүниеге келді. Оның рәсімдік практикасында ғаламдағы төрт элементті - суды, отты, жерді, ауаны құрметтеу оған тән. Алайда канондықтан өзгеше Орта Азияда зороастризмнің ерекше варианты орын алды . Ол жергілікті түрік табынуларымен, атап айтқанда, отқа, ата-бабаларға, малға - қойға, жылқыға, түйеге табынумен тығыз байланысып жатты.

Зороастризмге байланысты көптеген табынулар Еуразияда мұнда ислам пайда болғаннан кейін де жүре берді.

10 ғасырдың басында қараханидтер әулетінің рубасы Сатық исламды қабылдады, ал оның ұлы Богра-хан Харун б.Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады .

Жаңа дін біртіндеп көшпенділер арасында да тарай бастады. Ортағасырлық авторлар Фараб, Кеңжиде және Шаш аралығында көшіп жүрген түрік-мұсылмандар туралы, сондай-ақ қыпшақтар арасында 11-12 ғасырларда исламның таралуы туралы хабарлайды.

Әлемдік өркениеттің жарқын феномені - Жібек жолы проблемасына қысқаша шолуды аяқтай, Еуропадан Азияға және кері бағытта жүрген жолдарды сыйпаттай, шетсіз де шексіз кең даланы кесе, биік таулардан аса, құнарлы алқаптарға түсе, сондай-ақ таңғажайып тауарларды, ертедегі өнер мен дін жолдарын суреттей отырып, орта ғасырдың тарихи және рухани өмірінің күрделілігін баса көрсеткен жөн. Батыс пен Шығыс, Еуропа мен Азия кездескен жерде бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің өзара байуына қолайлы да құнарлы топырақ жасалды. ¤зара ықпалдасу нәтижесінде отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ертедегі мәдениетінің моншағында інжу-маржан болып жарқырайтын таңғажайып мәдениетті жасай алды.


Бөлімі: Дүние жүзі тарихы | Қосқан: Мико | Ілмектер: Қытай, Ұлы Жібек жолы
Қарағандар: 5106 | Жүктелген: 280 | Рейтинг: 3.0/1
Барлық түсініктер: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: