Жергілікті компьютерлік желілер - Информатика - Қазақша рефераттар - Рефераттар әлемі - Рефераттар әлемі
Жексенбі, 11.12.2016, 16:48
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 794
Кіші-чат
200
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 87
Бір аййдағы кіргендер: 4
Бір аптада кіргендер: 1
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 83
Олардан:
Жігіттер: 52
Қыздар: 35
Мәліметтер
Түсініктер: 196
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Информатика

Жергілікті компьютерлік желілер
[ Жүктеу (48.1Kb) ] 03.03.2012, 20:08

Кез-келген жұмысты дербес компьютердің көмегімен-аќ шешуге болады деген түсінік жалған. Мысалы, Мәскеуден Санкт-Петербургке дейінгі әуесапарында ќанша бос орын барын білетін аќпарат алғымыз келсе, және де ол аќпарат тез ескіріп, ауысып отырса, онда біз сол әуекомпаниясының немесе әуежайдың компьютерімен байланысу арќылы тез арада біле аламыз.

Ќазіргі кезде ірі және орташа фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындарда шамамен барлыќ компьютерлері әр түрлі телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан.

Телекоммуникация ќұралдарымен өзара байланысќан компьютерлер жиынтығын компьютерлік желі деп атайды (КЖ).

Компьютерлік желілер желгілікті (локальный) және ауќымды (глобальный) болып бөлінеді де, аппараттыќ және бағдарламалыќ ќамту ќұралдарынан жұмыс принциптері бойынша ерекшеленеді.

Жергілікті компьютерлік желі – ортаќ міндеттерді атќаруға арналған, белгілі ережелер бойынша байланысќан өзара жаќын орналасќан компьютерлер жиыны.

Компьютерді жергілікті желіге ќосу үшін онда әртүрлі өндіріс орындарының компьютерлерінің бір-бірімен аќпарат алмасу талабын ќамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар мен ќұралдар болуы ќажет.

Компьютердің желілік аппараттыќ және бағдарламалыќ ќұралдарын ќамтамасыз ететін ережелер мен талаптар жиынтығы хаттама деп аталады.

Негізгі желілік хаттамалар - ISO (International Standard Organization)  Халыќаралыќ стандарттар ұйымымен стандартталған және барлыќ желілік ќұралдар өндірушілерімен ќамтамасыз етіледі.

Хаттамалар:

·  желінің физикалыќ және электрлік параметрлерін;

·  орнату кезінде, байланыстың үзілуі кезінде, аќпарат алмасу кезінде сигналдардың берілу ретін;

·  аќпаратты беру кезіндегі ќателікті табу және түзету реті және т.б. ќызметтерді орындайды.

Жергілікті компьютерлік желінің физикалыќ негіздері.

Компьютерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын ќұрылғы арќылы жүзеге асырылады. Адаптер компьютердің аналыќ платасындағы кеңейту слотына ќондырылады.

ЖКЖ үшін ќазіргі кезде келесі аќпаратты берудің физикалыќ орталары ќолданылады:

-  Жіңішке коаксиальды сым (сур.1) – ең арзан, біраќ жылдамдығы аз орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-150 м-ге дейін;

-  Жуан коаксиальды сым (сур.2) – жіңішке сымға ќарағанда ќымбат орта; компьютерлердің араќашыќтығының ұзаќтығы-500 м-ге дейін;

- Көпталшыќты сым (сур.4) – ең ќымбат нұсќа, көбінесе ќуатты компьютерлерге ќолданылады; компьютерлердің араќашыќтыќ ұзаќтығы 2 км-ге дейін;

- Сымсыз байланыс Wi-Fi (сур.5) – ауалыќ радиоканал ќолданылады; бұл өте ыңғайлы, себебі сымдарды ќажет етпейді, біраќ сымды байланыстарға ќарағанда ќымбат.

Компьютерлерді ќосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде. әр ќосылу – деректер үшін жаңа маршрут.

Желі топологиясы – бұл оның геометриялыќ пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне ќатысты физикалыќ орналасуы.

Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, саќина, және шина).

«Жұлдызша» топлогиясы бар желідегі барлыќ компьютерлер орталыќ компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей ќосылу болмайды.

Мұндай жүйе ќарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді.

Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыќќанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды, егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Саќина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас саќина ќұраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйыќталған. Мұндай саќинада бір нүктеден ќозғау алған деректер аќыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер саќинада барлыќ уаќытта бір бағытта ќозғалады.

«Саќинаның» Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлыќ желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол ќажет, өйткені желінің бір жері істен шыќса, бүкіл желі тоќтап ќалады. «саќинаның» тағы бір осал жері – деректер біреулердің желілік компьютерлері арќылы өтетіндіктен де, аќпаратты бөгде ұстап ќалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлыќ желілік компьютерлер «шинаға» тікелей ќосылады. Мұндай желінің үлгісі:

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұќтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «саќина» жағдайындағыдай желінің бір жеріндегі ќосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоќтатады. «Шина» желісіндегі деректердің ќауіпсіздігі «саќина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерлерден өтеді.

Дектерді беру жылдамдығымен, оның ќұрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді бердуің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.

Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Ralo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де ќұрыла береді. Канал ретінде коаксиальды кабель ќолданғанда, Enthernet желісі шина сияќты кескінделеді. Егер есулі ќос өткзгіш ќолданылған болса, Enthernet желісі жұлдызша түрінде кескінделеді.

Жергілікті есептеу желілері біріңғай және иерархиялыќ болып бөлінеді.

Біріңғай желі – барлыќ компьютерлері тең ќұќылы және бірдей ќызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер саны біріктіру үшін ќолданылады. Біріңғай желілерде (жұлдызша топ, саќина, шина және token ring) сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басќа компьютерлерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаќќа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, операциялыќ жүйе ќұралдарымен жасалады. Ќажет болған жағдайда ол өзін пайдаланушыға арналған парольді де белгілейді.

Біріңғай желілердегі операциялыќ жүйелер аќпараттыќ ресурстардың оќылуын және редакциялануын, бөтен компьютерден программаларды ќосуға мүмкінді беретін тікелей басќарудың ќұралдарын ќамтамасыз етеді.

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйеніің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар.

*MS Exchange программасы – пошталыќ алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың наќты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлыќ пайдаланушыларына жіберілуін ќамтамасыз етеді.

*Shedulе программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және ќажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобының басќа пайдаланушыларымен бір пікірге келу, келісу ќұралы (мысалы, ортаќ жиналыстарды бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысыќтау үшін).

Иерархиялыќ желілер. Иерархиялыќ жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. Иерархиялыќ желілердегі сервер – бөліктенетін ресурстардың тұраќты саќтау ќоймасы. Сервердің өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылыќты винчестерлерден, жоғары жылдамдыќты желілік картадан (100 Мбит/с және одан да көп) тұрады.

Серверде аќпаратты ұйымдастыру және саќтау амалын арнайы адам – желінің басќарушысы белгілейді. Бірнеше пайдаланатын аќпараттың саќталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

Жергілікті иерархиялыќ желілерде мәліметтерді өңдеу екі объектінің: клиент пен сервер арасына бөлінген. Клиент, жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы станциясы, бұл сөздің мағынасына жұмысшы станциясын пайдаланушыны ќосуға болады. Біраќ сонымен бірге жұмысшы станциясынан сервердің ресурстарына енуді жүзеге асыратын арнаулы компьютерлік программа да «клиент» д/а.

Мәліметтерді өңдеу кезінде клиент ќандай да бір күрделі н/е арнаулы процедураларды орындау үшін серверге сұрату дайындайды, мысалы, файлды санау, жазбаларды іздестіруді жүзеге асыру ж/е т.б. сервер өз кезегінде клиенттен түскен сұратуды өңдеп, оны орындайды да, ќорынытдысын клиентке ќайта жібереді. Әдетте сервер жалпы пайдаланудағы мәліметтерді саќтауға, оларға енуге ж/е мәліметтерді клиентке жолдауға жауап береді. Мәліметтерді алған клиент оларды өңдеп, өңдеудің нәтижесін пайдаланушыға ыңғайлы түрде ұсынады. Кейде мәліметтерді өңдеуді сондай-аќ сервер де орындайды.

Иерархиялыќ желілердің жұмысын басќаратын программалыќ ќамтамасыз ету 2 бөліктен тұрады:

1. Серверде орнатылған желілік операциялыќ жүйе;

2. Жұмыс станциясындағы программалыќ ќамтамасыз ету, бұл жұмыс станциясында бар ОЖ-нің басќаруында жұмыс істейтін программалар жиынтығынан тұрады. Әлбетте әр түрлі жұмыс станцияларында бір желіге алуан түрлі ОЖ-лер орнатылуы мүмкін.

Үлкен иерархиялыќ желілерде желілік ОЖ ретінде Unix пайдаланылады. Орта көлемдегі желілерде ќазіргі уаќытта Windows NT желілік Ож ќойылады. Мұндайда серверде Windows NT Server деп аталатын оның серверлік бөлігі, ал жұмысшы станцияларында Windows NT Workstation клиенттік бөлігі бөлігі орнатылады немесе клиенттің программасы ретінде Windows 95 пайдаланылуы мүмкін.

Серверде иерархиялыќ желілерді пайдалану жолдарына байланысты сервердің мынадай типтерін бөліп айтуға болады:

Файлдыќ сервер – бірлесіп өңдейтін файлдар, бірлесіп пайдаланатын программалар саќталатын және оларға пайдаланушы адамның ќолы жетуін ќамтамасыз етуші компьютер;

Деректер базаларының сервері – деректер базасы файлдарын саќтау, өңдеу, басќару және жұмыс станцияларынан келіп түскен сұраныс бойынша аќпараттар беру функциясын орындаушы компьютер;

Басып шығару сервері – басып шығару ќұрылғысы, ќолданушылардың ќолы жетуге ќолайлы желілер ќосылған компьютер, ол басылым сұранысына ќызмет етеді, олардың орындалу кезегін ұйымдастырады;

Пошта сервері – жергілікті желілер бойынша да, ішкі модем бойынша да жіберілетін ж/е алынатын аќпараттар саќтаулы компьютер. Оны пайдаланушы адам өзіне ыңғайлы кез келген уаќытта өз атына келген аќпаратын жібере алады.


Бөлімі: Информатика | Қосқан: Мико | Ілмектер: Жергілікті компьютерлік желілер
Қарағандар: 5217 | Жүктелген: 746 | Түсініктер: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық түсініктер: 1
1 batirbek_94_b   (28.02.2013 18:35)
Hhhg

Аты *:
Email:
Код *: