Рефераттар әлемі
Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Музыка |
Атамекен
[ Жүктеу (23.0 Kb) ] | 30.11.2011, 18:49 |
Атамекен Өлеңі: Қ. Мырзалиев Әні: Е. Хасанғалиев Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Айдарымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсең, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны, Ұясына батады екен. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауың аспаныммен астасқан, Қазағымның мәртебесі деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсең, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны, Ұясына батады екен. Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын , көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсең, атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны, Ұясына батады екен. | |
Қарағандар: 2322 | Жүктелген: 121 | Рейтинг: 5.0/1 |
Барлық түсініктер: 0 | |