Рефераттар әлемі
Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Музыка |
Әлия
[ Жүктеу (23.5 Kb) ] | 30.11.2011, 18:52 |
Әлия Өлеңін жазған: Б.Тәжібаев Әнін жазған: С.Бәйтереков Қобда, Нева суларын сүйіп өскен, Әсем гүлін құшаққа жиып өскен. Аққу құстың бейне бір баласындай, Сұлу сазды жастықтың күйін кешкен. Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Саған белгі орнатқан мәрмәр тастан, Саған күнде қызыққан мөлдір аспан. Саған күнде жазылған көркем дастан, Саған күнде құшағын көктем ашқан. Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық, Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып. Туған жердің төсінде мәңгілікке, Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып. Әлия – ару қызы сен халқымның, Әлия – батыр қызы сен халқымның, Ерке құсы сен даламның! | |
Қарағандар: 1904 | Жүктелген: 105 | Рейтинг: 5.0/1 |
Барлық түсініктер: 0 | |