Жұма, 29.03.2024, 12:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 865
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 109
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 105
Олардан:
Жігіттер: 68
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қосымша бет » Мақал-мәтелдер

Ас-тамақ, тазалық-денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер
[ Жүктеу (17.9 Kb) ] 04.12.2011, 15:56
Ас адамның арқауы.


Сiңбес астың бөгеуi көп.


Быламық бетiнен суыйды,

Көже түбiнен суыйды.


Қайғысыз қара суға семiредi.


Аз асқа жасауыл болма,

Көп асқа бөгеуiл болма.


Қазыға тойсаң,

Қарта әлем сасыйды.


Ас иесiмен тәттi,

Табағымен жақсы.


Қайғың қара көже болсын.


Аш тамағым,

Тиыш құлағым.


Ет дегенде – бет бар ма.


Ет етке, сорпа бетке.


Асқа талау түссе

Иттiң мұрадын бередi.


Екi бас, екi басқа

Мұрнының боғы да ас.


Қазаныңа не сал саң,

Шөмiшiңе сол iлiнер.


Тас қадақ болғанмен

Тамақ болмайды.


Байғұстың асын

Пiсмiлда таусар.

Сұрап бергенше,

Ұрып бер.

Алты күн аш болсаң да,

Атаңның әдетiн қойма.


Жетерiн бiлсең, жей тұр.


Ет жемей жатып тұздық,

Асатпай жатып құлдық.


Есебiн тапқан екi асар.


Жеген ауыз жесiн.


Қасық тары ботқа болмас,

Ботқа болса да жұртқа болмас.


Ас iшсең атауындай iш,

Ауырсаң мұрттай ұш.


Жазғы етте жасық жоқ,

Қымыз аста қасық жоқ.


Бауыр шiрiн, бас тәттi,

Ағайынмен iшкен ас тәттi.


Ертеңгi асты тастама,

Кешкi асқа қарама!


Берген перне бұзар.


Сүт сұрай келiп,

Ыдысынды жасырма.


Бақыр қазан қайнаса,

Бәрiмiздiң бағымыз.


Мың "сiз", "бiз" ден,

Бiр шыж-мыж артық.


Берген перне бұзар.


Алаған қолым, береген.


Ұшқан құс, жүгiрген аң,

Бәрi – тамақ.


Ашаршылықта жеген

Құйқаның дәмi кетпес.

Қамысты жаққанменен

Шоғы болмас,

Көк суды iшкенменен

Тоғы болмас.


Күн жазға айналды,

Ет азға айналды.


Пышағы бар сүйгенiн жер,

Пышағы жоқ тигенiн жер.


Балық жеген бағысбас,

Жан-жағына қағыспас.


Қомағайдың сазасы –

Бiр шөкiм ет.


Балықтың батасы жоқ.


Өзiнде асың болса,

Бiреуде қасың бар ма.


Ас тұрған жерде

Ауру тұрмайды.


Ас үстiнен аттама,

Астан үлкен емессiң.


Бiр аяқ қымыздың,

Екi аяқ желiгi бар.


Жиен ел болмас

Желке ас болмас.


Жиен ел болар,

Жайы болса.

Желке ас болар,

Майы болса.

Өзiне қарай қосағы,

Қазанына қарай ошағы.


Ашта жеген құйқаны,

Тоқта ұмытпа.


Жақсы ас қалғанша,

Жаман қарын жарылсын.

Жер асыңнан, жемес асың

Көп болсын.


Көмбенiң иесi екеу:

Бiреуi көмген,

Бiреуi көрген.


Асты қуыс iшер,

Я туыс iшер.


Қарны ашқан, қараша

Үйге шабады.


Жазға жуынды,

Қысқа қатық.


Түскi асқа

Түстiк жердегi келедi,

Кешкi асқа

Күндiк жердегi келедi.


Аштың ақылы тамағында,

Жаяудың ақылы табанында.


Бiр ауылда бiр үй аш болса,

Бар үй аш болады.


Тойған жерге тоғыз кел.


Аты бардың тынысы бар,

Асы бардың ырысы бар.


Беретiн кiсi келгенде,

Бес қайнайды қазаным.


Аспаздың қарны

Асқанына тояды.

Тоқшылықта жеген

тоқпан жiлiк,

Ашаршылықта көзiңнен

бiр-бiр ұшар.


Асы жоқ алтын аяқтың,

Алтынын ал да отқа жақ.

Омыртқаны ұстап отырғанша,

Қабыртқаны алып

қағып тастай бер.

Жаяудың сыбағасын

Атты жемес.


Барында батып iш,

Жоғында сатып iш.


Аз ас, көп ниет.


Көже-көже, көзiңе айтайын,

Сорпамнан садаға кет.


Өзi тоймастың

Көзi тоймас.


Бал ұстаған бармағын жалайды.


Отын олжа,

Су қорлық.


Өзi тоймағанның

Сарқытын iшпе.


Досыңның асын

Қасындай iш.


Өзiң жатық болсаң,

Iшкенiң қатық болар.

Өзiң қиық болсаң,

Iшкенiң сұйық болар.


Етке тойсам,

Сорпаға иттiгiм жоқ.


Жұтқан жұтамас.


Тойсаң тоба қыл.


Тарта жесең тай қалар,

Қоя жесең қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.


Тамақтан өткеннiң –

Бәрi тамақ.


Пiскен асқа тiк қасық.


Бiр аштың бiр тоқтығы бар.


Жазым болса быламыққа

тiс сынар.


Жейтiн ауызды,

Жемес ауыз байлайды.


Ашқа қазан астырма,

Тонғанға отын жақтырма.


Қыдырып iшкен көженiң

Кенеуi жоқ.

Қыдырып айтқан билiктiң

Керегi жоқ.


Есек мiнген ат сұрамайды.

Балық жеген ет сұрамайды.


Тар қазан тасқалақ.

Мешкей адам ашқарақ.


Тоймай iшкен асың құрсын,

Қорлықпен жасаған жасың

құрсын.


Жұтаған шүкiрге тоймайды.

Айға жетпес асыңды,

Ауылдастан аяма.


Аштық ас талғатпайды,

Ашықтық жас талғайтпайды.

Тас – тасты жiбiтетiн ас.


Аш ауыл айранды бұрын iшедi.


Қазаны басқаның, қайғысы басқа.


Сауып iшсең мың күндiк,

Сойып жесең бiр күндiк.


Қыдырып жеген жанбастан,

Шақырып берген жауырын артық.


Өле жегенше, бөле же.

Аз қайғыны ас басады,

Көп қайғыны дос басады.


Жылқының етiн жесең

Тiсiңе кiредi,

Жемесең түсiңе кiредi.


Ескерген, ескi асынан сақтар.


Үркер туса сорпа да – ас.


Салулы ауыз сақтағаныңды

жейдi.


Қарның ашса, қазан ас.

Ет болмаса, сазан ас,

Сазан тамақ емес пе,

Сазанды жұрт жемес пе.


Асы бар аяқтан аттама.


Жайын құйрығын жеген

жатпас.


Бал татыған балық

Сорпасын iшпеген басым,

Қоңырсыған қой

Сорпасын iштiм-ау.

-------

Тәнi саудың жаны сау.


Ауру астан,

Дау қарындастан.


Ауру кiсi кiлкi сүймес,

Ауыр жүктi жылқы сүймес.


Қотыр қолдан жұғады,

Таз тақыядан жұғады.


Қырын алған қырқында

таз болар.


Ақша қарда көп жүрсең,

Көзiң бiр күн қарығар,

Алыс жерде көп жүрсең,

Көңлiң бiр күн тарығар.

Ауру батпандап кiрiп,

Мысқалдап шығады.


Аурып тұрдың –

Аунап тұрдың.


Аурып жазылған жан олжа,

Жоғалып табылған мал олжа.


Көзiң ауырса, қолыңды тый.

Iшiң ауырса, аузыңды тый.


Таз таранғанша той тарқар.


Соқыр көргенiнен жазбас.


Шыныменен жыласа,

Соқыр көзден жас шығар.


Аурудың алдын ал.


Ауруын жасырған өледi.


Керең, адамның аузына қарар,

Соқыр, кiсiнiң даусына қарар.


Тыймаған ауызда пәле бар.

Нас басқанды – бит басар.


Туа мүкiс жазылмас.


Ауру азығымен.


Әуелгi байлық – денсаулық,

Екiншi байлық – он саулық,

Үшiншi байлық – ақ жаулық.


Ауруды елемеген өледi,

Дауды елемеген төлейдi.


Елемеген ауру жаман,

Ескермеген дау жаман.


Тұмау – аяғы құрт,

Тұман – аяғы жұт.


Сәтiн салған ауруға,

Не болса, сол ем болады.


Iздеп алған аурудың,

Емi табылмас.


Бас ауырса жан қорқады.


Iшi өткеннiң арты бiлер.


Ауру шықпаған

жаннан дәмелi,

Жалқау бiтпеген

малдан дәмелi.


Айналдырған ауру –

алмай қоймас.


Ауру кiрдi – әлек кiрдi.


Аш кiсi ұрысқақ,

Арық қой тырысқақ.


Ұйқы орын талғамайды.

Көкiрек ауру күле өлер.


Аман болса бұл басым,

Тағы шығар бұл шашым.


Саңырауға сәлем берсең,

"Атаңның басы" дер.


Ақсақтың ақырына бақ.


Басы ауырып, балтыры

сыздамағанның.


Тәңiрiмен iсi жоқ.

Қотыр қолда, қола сақина.


Тұр-тұрдан хабар келсе,

Ұйқыдан маза кетедi.


Тазалық – саулық негiзi,

Саулық – байлық негiзi.


Басы аманның малы түгел.


Демi бардың – емi бар.


Екi ауру бiр келсе,

Ажалыңның жеткенi.


Жалқаулық – жаман ауру.


Жұғын бар жерде –

шыбын бар,

Шыбын бар жерде –

шығын бар.


Жан ауырса – тән азады,

Қайғы басса – жан азады.


Айдалаға атқан оқ,

Ажалжыға тиедi.


Өлiм бар жерде – қаза бар.


Арық семiредi,

Ауру жазылады.

Бөлімі: Мақал-мәтелдер | Қосқан: Мико | Ілмектер: мақал-мәтелдер, тазалық-денсаулық, Ас-тамақ
Қарағандар: 20664 | Жүктелген: 253 | Түсініктер: 1 | Рейтинг: 3.0/3
Барлық түсініктер: 1
0  
1 Айгуля Касенова   (18.09.2012 18:17) [Мәлімет]
тұз туралы мақал мәтел

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: