Төрт түлiкке байланысты мақал-мәтелдер - Мақал-мәтелдер - Қосымша бет - Рефераттар әлемі - Рефераттар әлемі
Жұма, 02.12.2016, 22:45
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 794
Кіші-чат
200
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 86
Бір аййдағы кіргендер: 4
Бір аптада кіргендер: 1
Кеше кіргендер: 1
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 82
Олардан:
Жігіттер: 52
Қыздар: 34
Мәліметтер
Түсініктер: 196
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қосымша бет » Мақал-мәтелдер

Төрт түлiкке байланысты мақал-мәтелдер
[ Жүктеу (26.1Kb) ] 04.12.2011, 15:54
Қой дегенше – қоя қой.


Қойдың сүтi қорғасын,

Қойды соққан оңбаған.


Қойшы көп болса,

Қой арам өлер.


Екi қошқардың басы

Бiр қазанға сыймас.


Iсек қойдың басы үлкен,

Саулық қойдың жасы үлкен.


Қой өрiсi қорадан.


Малды бақсаң, қойды бақ,

Май кетпейдi шарадан;

Ит асырысаң сырттаннан,

Қой бермейдi қорадан.


Қой үрiккен жағына беттемейдi.


Ала қойды бөле қырыққан,

Жүнге жарымайды.


Қой көрмеген қой көрсе,

Қуалап жүрiп өлтiрер...


Ақсақ қой түстен кейiн маңрайды.


Ақсақ қой жатып семiрер.


Семiздiктi қой көтерер.


Семiз, семiздiң аяғы сегiз.

Арық қой тырысқақ,

Аш адам ұрысқақ.


Жаман жасаққа жарамайды,

Желiнсау қосаққа жарамайды.

Тоқты тоймас,

Шөмiш кеппес.


Қара құрт жесе, қой семiредi.


Жаман қой iсегiнде қартаяды.


Еркек қой бұралқы болмас.


Қасқырдың ойлағаны – арамдық,

Қойдың ойлағаны – амандық.


Қой егiз тапса,

Шөптiң басы айыр туады.


Сүтсiз қой маңырауық.


Күн батса – қойға соқпақ табылады.


Қойға қоңырау жараспас.


Тәңiрi асыраған тоқтысын,

Қасқыр жемейдi.


Арық малды асырасаң,

Аузы-мұрныңды май етер.

Жаман адамды асырасаң,

Аузы-мұрныңды қан етер.


Мал аяған аттан құр,

Төл аяған ақтан құр.


Сенген қойым сен болсаң,

Күйсегенiңе болайын...


Жетiм қозы тас бауыр,

Түңiлер де – отығар.


Тоғыз қабат торқадан,

Тоқтышағым терiсi артық.


Құрттаған қой далаға кетер,

Екi бұршақ, бiр сабауды ала кетер.



Ақсақ қой ауыл қасында,

Я құдық басында.


Қойлы бай – қорлы бай.

Жылқылы бай сылдыр бай.


Қой мыңға жетсе,

Керегенiң басынан бас кетпейдi.


Қой семiзi – қойшыдан.


Кәрi қойдың басы пiскенше,

Тоқты қойдың басының арсасы

шығар.


Қой өлсе – қозы болады,

Келер жылы өзi болар.


Аз қойда айран бар да, өре жоқ.


Жақсы қойшының

Қозысы түлеп тұрғанда,

Жаман қойшының

Құнан қойы жүдеп тұрады.

Тоғышардың ту қойы қысыр

қалады.


Мал өсiрсен қой өсiр,

Өнiмi оның көл-көсiр.


Қой шелдi болмай,

Төлдi болмайды.


Есi кеткен ешкi жыяр,

Ешкiменен есiн жыяр.


Ешкiлi қой өреген.


Ешкiнi түлен түртерiнде,

Шопанның таяғына сүйкенер.


Қой көрмегенмен,

Ешкiлi байдың қызы едiк...



Бұрын шыққан құлақтан,

Кейiн шыққан мүйiз озады.


Тоқал ешкi мүйiз сұраймын деп,

Құлағынан айрылыпты.

Қасапшыға мал қайғы,

Қара ешкiге жан қайғы.


Айдағаның бес ешкi,

Ысқырығың жер жарады.


Ешкi жейдi ебелек

Ешкiнi жейдi кебенек.


Қотыр теке қора былғар.

----------

Тамырыңнан түйе сұрасаң,

Қорыққанынан бие берер.


Нар жолында жүк қалмас.


Нар баласы бақ етпес.


Ақсақ түйенiң аузына,

Жел айдаған қаңбақ түсер.


Көрмес, түйенi де көрмес.


Құтты қонақ қонса,

Түйе өледi,

Құтсыз қонақ қонса,

Үй иесi өледi.


Қуырдақтың әкесiн

Түйе сойғанда көрерсiн.


Түйе сойған,

Ешкi сойғаннан дәметiптi.


Түйе тұзға келедi,

Күйеу қызға келедi.


Түйе қашып жүктен құтылмас.


Елсiзде екi түйе айда.

Нары бар, нары бардың

малы бар.


Атан өлсе сойылар,

Атаң өлсе қойылар,

Қан сонар қайдан табылар.


Жуас түйе жүндемекке жақсы.


Түйе көп болса жүк сыймас.


Кәрi түйе ойнақтаса жұт болар.


Түйе аяғы маймақ,

Төре аяғы тайғақ.


Алпыс күн атан болғанша,

Алты күн бура бол.


Бақырауық демесең

Бағалы көлiк түйе ғой;

Жаман да болса өз ұлың,

Өз малыңа ие ғой.


Қоныс ақысын түйе қайтарады.


"Әйт-шүу" деген түйеге демеу.


Жығылсаң нардан жығыл.


Нар баласы қырымға

Ит баласы жырымға.


Түйесiн қу бас десең

Иесiне тиедi.


Қабырғалы қара нар,

Қабырғасын сөксең бақ етпес.


Алыстан шабынған бураның

күшi кетер.


Түйе қараған жауға жолығар,

Сиыр қараған тойға жолығар.

Қырық атан ұстама,

Қырық тамыр ұста.


Түйенi жел шайқаса,


Ешкiнi көктен көр.


Түйе бойына сенiп,

Жылдан құр қалған.


Түйенiң үлкенi

Көпiрде таяқ жейдi.


Көш жүре түзелер.


Соңғы түйенiң жүгi ауыр.


Көтерем деп түйеден безбе,

Салтанатың емес пе,

Тебеген деп биеден безбе,

Қос қанатың емес пе.


Бiр теңге бие болмайды,

Екi теңге түйе болмайды.


Өлi бураның басымен.

Тiрi атанды қорқытпа.


Екi аяқтыда бажа тату,

Төрт аяқтыда бота тату.


Түйенiң танығаны жапырақ.


Ботам-ботам дегенше

Бота көзiм десейшi.


Көш басшысының кигенi жылы,

Жылаған баланы не қылсын.


Түйе өлген жерде жүк қалар.


Жабу қыйсық емес,

Түйе қыйсық.

Нар сәулетi – ашамай.


Жаман түйе жабуын жер,

Жаман жiгiт аулын жер.


Жалғыз түйе бақырауық,

Жалғыз бала жылауық.


Жатқан жерi даладай

Екi өркешi баладай.


Азу тiсi қаладай,

Жабуы жамшыдай,

Құйрығы қамшыдай,

Бура сойған не сұмдық.


Түйеге – дақ,

Жылқыға – пышақ.


Түйе қотыр болса,

Ботасын былғайды.

Ботасы келесiн былғайды.


Арамнан алған түйеден,

Адалдан алған ешкi артық.


Iнгенiмдi қараймын деп

Мiнгенiмнен айрылдым.

-----------

Ат ерiндi келер

Ер мұрынды келер.


Жалғыз шапқан ат жүйрiк.


Тұлпардың өз тұяғы өзiне дәрi.


Соқыр атқа, қотыр ат үйiр.


Тұлпардың iзi бiтпейдi,

Тұяғы кетпейдi.


Азынаған айғырдың үйiрiн көр.

Менменсiнген жiгiттiң үйiн көр.


Бие көп болса,

Құлын көп.


Жүйрiкке тұмар.


Жүйрiк тоқтығын бiлдiрмес,

Жомарт жоқтығын бiлдiрмес.


Жортар аттың тоғы игi.


Кәрi боз қартайғанда

жорға шығарады.

Күйсiз көлiк жүгiрмес.


Ат көрмеген ат көрсе,

Шаба-шаба өлтiрер;

Тон кимеген тон кисе,

Қаға-қаға бiтiрер.


Сырын бiлмеген аттың

Сыртынан жүрме.


Атың жақсы болса

Бұл дүниенiң пырағы,

Қатының жақсы болса

Бұл дүниенiң шырағы.


Арық атқа қамшы жау,

Жыртық үйге тамшы жау.


Көбендi көр де қой.

Жылқыда ет жоқ,

Құста сүт жоқ.


Жақсы ат алдынан сүрiнбей,

Артынан сүрiнедi.


Басты балта бұзар,

Жылқыны маңқа бұзар.


Атың арық болса, бiр шап,

Отының аз болса, бiр жақ.


Атыңды жүрiп тұрғанда

қамшыла.


Ат жаман таймен ойнар.


Жақсы айғырдың үйiрiн

ат жақтайды.


Қас жүйрiкте сын болмас,

Қас сұлуда мiн болмас.


Атпен ойнаған тайдың

арқасы кетер.


Тұлпардың оттауы бiр болса да,

Жусауы басқа.


Бар қашаған құтылмас,

Жоқ қашаған жеткiзбес.


Кердi мiнбегенде

Жердi мiнем бе.


Жаман айғыр енесiне

тап берер.


Енесi тепкен құлынның,

етi ауырмас.


Көбең мiнiс көтермейдi,

Мәстек жүрiс көтермейдi.


Жорға жүрiсiнен пұл болады,

Жаман жүрiсiнен құл болады.


Жорға жолына тоқтар.

Жақсы жөнiне тоқтар.


Көнектен шошыған бие оңбас,

Төсектен шошыған ер оңбас.


Тай тулап үйiрiнен шықпас.


Арық атты түсте бақ,

Қарғып тұрса қанатың.


Ат тұяғын тай басар.


Жақсы аттың тiсiн ашпа,

Жақсы кiсiнiң жасын сұрама.


Жорғы мiнген жолдасынан

айрылар.


Жаман да болса жылқы жасығы.


Айғырды неден салсаң,

Атты сонан мiнерсiң.


Ат айналып қазығын табар.


Аттың аты үлкен,

Түйенiң табаны үлкен.


Аттыға тай мiнсе де

жарасады.


Бие кәрi, құлын жас,

Келер жылы қолың бос.


Құрық тимес құлын жоқ,

Қырықтық тимес қозы жоқ.


Екi торының өзгелiгi жоқ.

Игi жақсының бөтендiгi жоқ.


Шiдерлi атың өз атың,

Тұсаулы атың бос атың.


Көбiк қарда түлкi ойнар,

Көк көрпеде жылқы ойнар.


Жылқынын бүгелек аздырар,

Ешкiнi кебенек аздырар.


Ат жалдаған өтер,

Ит жалдаған кетер.


Таяк тайға жеткiзер,

Тай құнанға жеткiзер.

Құнан атқа жеткiзер,

Ат мұратқа жеткiзер.

Ат биеден,

Аруана түйеден.


Жылқылы елде жау көп.

Жатақ елде дау көп.


Аттан тай озады,

Атадан бала озады.


Жылқы малдың патшасы,

Түйе малдың қасқасы.


Ат айында,

Бие жылында құлындайды.


Тұлпар түбiн табады.

Жақсы адам елiн табады.


Жүйрiк аттың сауырын

берiк алар.


Ат сүрiнбей жер танымас.


Ала бұтаға ат бекiтпе.


Аттың бәрi тұлпар болмас,

Құстың бәрi сұңқар болмас.


Бiр биенiң екi емшегi,

Бiрi кетсе сүтi жоқ.

Бiр түйенiң екi өркешi,

Бiрi кетсе күшi жоқ.


Арықты мiнгенше,

Аяғыңа мiн.


Ат ұстаған азабынан

құтылады.


Алуан-алуан жүйрiк бар,

Әлiне қарай жүгiрер.


Ат арқасына ер батса,

Аяңшыл болады.

Ерге жаттың тiзесi батса,

Ағайыншыл болады.

Жабыны жалды екен

деп сатып алма,

Жаманды малды екен

деп жақын қылма.


Екi бие – ел асы.

Үш бие – бұлақ басы.

Бiр бие жоқтың қасы.


Жүйрiктен жүйрiк шықса,

Аяғы тыпыр-тыпыр етер.


Аттан айрылсаң да,

Ер-тоқымнан айрылма.

Жаман атқа жал бiтсе

Жанына торсық байлатпас,

Жаман адамға мал бiтсе,

Жанына қоңсы қондырмас.


Мынау атты жұрт көргендей

Тәуiр ғып бер,

Болмаса бәрiн құртып

жауыр ғып бер.


Өмiрi зақым жылқы бақсын,

Үзенгiсiн ұзын тақсын.


Жауынды күнi ат көрме,

Айтты күнi қыз көрме.


Байтал мiнсең құлын жоқ.


Ат шаппайды, бақ шабады,

Бақ шаппайды, бап шабады.


Атты ақысын жаяуға жiбермейдi.



Ат күйгелек болса,

арық болар,

Ер күйгелек болса,

кәрiп болар.


Ат қадiрiн жоқ бiлмес,

Ас қадiрiн тоқ бiлмес.

Тұлпардан тұяқ қалар,

Сұңқардан қыяқ қалар.


Жылқының басы мың

қаладан қайтады.


Ат аяған жерге қарар,

Құс аяған көкке қарар.


Арғымақ аттың баласы,

Аз оттап, көп жусайды;

Асыл ердiң баласы,

Аз сөйлеп, көп тыңдайды.



Ат қадiрiн бiлмесең,

Жаяушылық берсiн сазанды.

Ас қадiрiн бiлмесең,

Ашаршылық берсiн сазанды.


Жүйрiк бестiден шығар,

Кеңес келбеттiден шығар.


Жапалақ сыйпағанмен

Сүңқар болмас.

Жабыны мақтағанмен

Тұлпар болмас.


Ай мiнбей атыңды мақтама,

Жыл тұрмай қатыныңды

мақтама.

Атты қамшымен айдама

Жеммен айда.


Арқанды ат қазығына оралар.


Атының сыры иесiне мәлiм.


Ат жақсысы қартады,

Негiзiне тартады.


Атты күнде мiнсең тулақ,

Аптада мiнсең қунақ.


Жауыр атқа жiп құйысқан.

Бие қоста жүрiп терлесе

Құлын босқа жүрiп терлейдi.


Аттыға ерiп жаяудың таңы

айрылыпты.


Сылбырдың аты шылбырына

сүрiнер.


Аңқау астындағы атын алтай

iздептi.


Жүйрiктi кекiл қағысынан

байқайды.


Құлындаған биеден,

Құдықтағы су артылмас.


Жiгiтке лайық ат туар.


Ат адамның қанаты,

Ас адамның қуаты.


Атдорба түбiн искемей

Ат тоймайды.

----------

Сиыр алсаң – танып ал,

Танымасаң тарғыл ал.


Сиыр сыйпағанды бiлмейдi,

Жаман сыйлағанды бiлмейдi.


Ортақ өгiзден,

Оңаша бұзау артық.


Сиыр су iшсе,

Бұзау мұз жалайды.


Өгiзге туған күн,

Бұзауға да туады.


Сиыр судан жеридi.

Су сиырдан жеридi.


Басбiлгi өгiзге "Әк" –

деген өлiм.

Жаман сиыр жазда

бұзаулайды.


Өгiздi өрге айдағанның

Өмiрi өксидi.


Үйде өскен бұзау,

Түзде өгiз болмас.


Өгiз өлген жерiнде мөңрейдi.


Бiреудiң бұзауына дегенiң,

Өзiңнiң өгiзiңе болады.




Ойда он сиырдың мүйiзi

сырқыраса,

Қырда қырық сиырдың

мүйiзi сырқырайды.

Ойда сиырдың мүйiзi

сырқыраса,

Қырда бұғының мүйiзi

сырқырайды.


Болдырған сиыр,

молаға сүйкенедi.


Нәсiлi жаман сиырдан,

Өлi бұзау туады.


Түзде бұзауы жамырағанның

Үйде айраны төгiледi.


Бұқаның арамзасы бұзау

арасында жүредi.


Қашпаған қашардың

уызына қаратып.


Тана пайда бермесе,

Тәңрi пайда бермейдi.


Сүзеген сиырға

Құдай мүйiз бермейдi.


Екi сиыр сауғанның

айраны бар,

Екi қатын алғанның

ойраны бар.


Сиыр сушыл келедi,

Пасық адам күншiл келедi.


Әңгiме бұзау емiзер,

Бұзау таяқ жегiзер.


Бәленi қара тана бастайды.

---------

Есек жүрер қатқақта,

Мәлiм болар батпақта.


Есектiң етi арам, күшi адал.


Есектiң жүгi жеңiл болса,

Жатаған болады.


Өзiм есек бола тұра,

Тұйенi жетектедiм.


Иесiз қалған есектi бөрi жейдi.


Есекке үкi таққандай.

Итке жалпош жапқандай.


Есек семiрсе иесiн тебер.


Қарға мақтанып сұңқар болмас,

Есек мақтанып тұлпар болмас.


Есек мiнген еңбегiн мiнер.


Есектi отқа айдасаң,

боққа қашар.


Есегiне қарай тұсауы.


Есекке күмiс ер жараспас.


Тауына қарай тоғайы

Шошқасына қарай торайы.

Шошқаға ерген балшыққа аунар.


Есек қодығымен,

Шеңгел собығымен.

-----------

Ит ұяласынан қорықпас


Ит – ырыс.


Жетектеген ит аңға жарамас.


Иттiң боқ жемесе,

Басы ауырады.


Итпен құда болсаң,

Боқпен той етерсiң.


Иттi күшiгiм десең,

Аузыңды жалайды.


Ит құтырса иесiн қабар,

Шымшық құтырса

бүркiтке шабар.


Ит баласы сүйгiншi,

Тұра бара құсқыншы.


Иттiң басын сары

табаққа салсаң,

шоршып түседi.


Иттi қонақ жараспас.


Ит бiр сүрiнсе қырық сүрiнедi.


Қыры кеткеннiң итi

қырын жүгiредi.



Ауылға жақындағанда

ит озады.


Ауыл итiнiң құйрығы қайқы.


Ит иттiгiн қылмай қоймас.

Қазаннан қақпақ кетсе,

Иттiң ұяты кетедi.


Үре бiлмеген ит

Үйiне ұры түсiрер.


Бұралқы ит үргенiнен жағар.


Ит итаяғын жаламай

Көңлi кеншiмес.


Солақайға сорпа жоқ,

Соқыр итке боқ та жоқ.


Ит қорыған жерге өш.


Иттiң ұлығанын бөрi естiмес.


Иттiң табаны қышыса

Керуенге ередi.


Ит жүйрiгiн түлкi сүймес.


Еңбексiз ит жер,

Бейнетсiз бит жер.


Сүйекке ит ошақ басында

кездесер.

Қуға қу намаздыгер-

намазшамда кездесер.


Ит мiнiп, ирек қамшылап.


Иттiң мойнына алтын

қарғы тақса да,

Боқ жеуiн қоймайды.


Бөрi жеген бөксемдi

Иттен несiн аяйын.


Итке артқан қос,

Далада қалады.


Үрген ит кiсi қаппас.

Көп жортқан ит

құшалаға жолығар.


Ақсақ ит, сау иттен

сауға тiлейдi.


Түлкi алған итте сын жоқ.


Жақсы ит өлiмтiгiн

Көрсетпейдi.


Жақсы болса жау

жұмырды ит жер ме.


Иттiң iшiне сарымай

жақпас.


Ит не жесе соны құсады.

Ит жеңгенiн талайды.


Ит атасын танымас.


Жеңген ит желкесiнен талар.



Бiр ит көрiп үредi,

Бiр ит ерiп үредi.


Ел жатпай – ит тынбас.


Жаман иттiң атын

Бөрiбасар қояды.


Иттiң ырылдасқаны –

амандасқаны.


Ит төлеуi бiр күшiк.


Иттi иесiмен қыйна.


Ит те бойдағында керiледi.


Ауылдың итi ала болса да,

Бөрi келгенде бiрiгедi.


Күнiне жүз түлкi алса да

Тазының ит аты қалмайды.


Өлi бөрiнi ит аттамас.


Ит иттiгiн етпесе,

Ит аты құрысын.


Иесiн сыйлағанның,

Итiне сүйек сал.


Ит жеген iшiнен таусылар.

Кет десе ит те кетедi.


Иттiң боғы дәрi болса,

Дарияға тышады.


Ит жоқта шошқа үредi қорада.

Ит аулақта, доңыз

Төбеге шығады.

Ит үредi, керуен көшедi.


Иттiң аузына түскен соқта,

Жаншылмай шықпас.


Ит балалап сауын болмас,

Бұлт болмай жауын болмас.


Ит иттi жұмсайды,

Ит құйрығын жұмсайды.


Аш иттiң артын сұқ

ит жалайды.


Иттiң бәрi тазы болмас,

Еттiң бәрi қазы болмас.


Ақ ит, қара ит, бәрiбiр ит.


Жарамсақтанған ит,

Жатқанша таяқ жейдi.


Қабаған ит қайыр байлайды.


Итке берсең асыңды,

Иттер тартар басыңды.


Ит тұмсығы жерде жатпас,

Бөрi баласы асырағанмен

ит болмас.


Аулы жақын ит,

Қасқырдан қорықпас.


Үндемеген ит қабар.


Итаяғын итекеш ит

те қорыйды.


Иттi күшiгiнде үйрет.


Iлгерi басқанның итi оттайды.


Қорасында қойы жоқтың

Итiнiң сағына қара.

Ит баласын ырылдап сүйедi.


Кiшкене ит –

қартайғанша күшiк.


Құр сүйектi ит те қажамайды.

----------

Мал арыстанның аузында,

Түрiкпеннiң түбiнде.


Мал айдаса жаудiкi

Ысқырса желдiкi.


Алты ай баққан арықты

Бiр күн ұрынған өлтiрер.


Түстiк өмiрiң болса,

Кештiк мал жина.


Бұйырған малға тiс тисiн.


Көп малдан айрылған

Бiр малды қасқыр жейдi.

Белгiлi малшың жоқ болса,

Белiндi бу да малға бар.


Малды баққанға бақтыр.

Отынды алғанға жақтыр.


Малдың жайын баққан бiлер

Отынның жайын жаққан бiлер.


Айдап салдан аз өлер,

Көре салдан көп өлер.


Бас екеу болмай –

Мал екеу болмайды.


Малды баға бiл,

Бабын таба бiл.


Мал баққанға бiтедi.


Бассыз берген мал мазақ,

Бақсыз берген тiл мазақ.


Қойшының таяғынан,

Келiннiң аяғынан.


Өрiсiне қарап мал өсер,

Өзенiне қарап тал өсер.


Бұйырмаған бұттан кетер.


Жоғалып табылған мал олжа,

Аурып жазылған жан олжа.


Қайтқан малға қасқыр өш.


Әркiм тапқанын теке қояды.


Мал жайған малдың

жайылғанына тояды.


Кетер мал қолдың кiрiндей.


Жоқ табылмайды емес,

Қарауы жетпейдi.

Адам бермейдi емес,

Сұрауы жетпейдi.


Алдырған анасының

қойнын ашыпты.


Иттiң иесi болса,

Бөрiнiң тәңрiсi бар.


Қайтқан малдың қайыры бар.


Өрiсi жуық оттайды,

Аулы жуық ас iшедi.


Өсер малда өлiм жоқ.


Өзiмдiкi деген бұрын

ұстайды.


Есек барға саналса да,

Малға саналмайды.


Кiсi берген кiсiге ырыс болмас.

Өзiңдiкi өзiңе,

Оттай ыстық көзiңе.


Ағайын асшы,

Мал тұщы.


Мал жайсаң қонысын тап,

Ас жайсаң ыдысын тап.


Жоғалған пышақтың

сабы алтын.


Мал ашуы – жан ашуы.


Қара тұяқ қарында жатпас,

Мезгiлi болмай таң атпас.


Шөмеленi шөбiм бар деме,

Несиенi малым бар деме.


Арықты күтсең тойынар,

Кәрiнi күтсең сойылар.


Кетпенiм сай, шотым сай,

Қазсам суға жетемiн,

Атаным сай, атым сай,

Көшсем нуға жетемiн.


Ақсақ малдың ақырына бақ.


Желген атқа жел жаңғырық,

Тентекке тiл жаңғырық.


Малы бардың назы бар.


Биыл iзi болса,

Келер жылы өзi болар.


Шаруаның итi де ұрғашы

болсын.


Таңдағы тауықтан

Сол күнгi жұмыртқа артық.



Түйе байлық,

Қой мырзалық,

Жылқы сәндiк.


Шаруаның бiрi – бес,

Диханшылық оған ес.


Жортуыл түбi – еш,

Сауданың түбi – борыш.


Жайылымы болмаса

мал азады,

Қайырымы болмаса

жан азады.


Өрiсi жақсы мал – оңар.


Тоңға жатқан мал оңбас,

Тобырға түскен iс оңбас.


Бiтпеген малдан үмiт,

Шықпаған жаннан үмiт.


Жайлауды жайлай бiлмеген,

Малды айдай бiлмейдi.


Жаман қойшы,

жайлауын бiр күн жейдi,

Жақсы қойшы,

жайлауын мың күн жейдi.


Жаманға жан жуымас,

Жалқауға мал жуымас.


Бақпасаң мал кетедi,

Күтпесең қатын кетедi.


Басы аманның малы түгел.


Сақырлаған сары аязда

Сары қамысты қыста,

Малыңа сый, өзiңе үй болар.


Бiр түлiкке бай болғанша,

Әр түлiкке сай бол.

Түлiк төлден өседi.

Мал баққандiкi,

Жер жыртқандiкi.


Малды жақсы баққаның –

Өзiңе аброй тапқаның,

Малды жаман баққаның –

Келген бақты қаққаның.


Мал баласы –

Жер анасы.


Жалқау – өзiне жау.

Бөлімі: Мақал-мәтелдер | Қосқан: Мико | Ілмектер: Төрт түлiк, мақал-мәтелдер
Қарағандар: 6361 | Жүктелген: 172 | Түсініктер: 4 | Рейтинг: 5.0/1
Барлық түсініктер: 4
4 адиа   (14.10.2013 18:06)
о ҚОТАҚ

3 анель   (08.05.2013 08:48)
керек мақалдар

2 амир   (08.05.2013 08:46)
ия

1 арнур   (20.11.2012 19:37)
мен тапқан жоқпыніздегенімді

Аты *:
Email:
Код *: