Салт-дәстүрлер - Салт-дәстүрлер - Қосымша бет - Рефераттар әлемі - Рефераттар әлемі
Жексенбі, 11.12.2016, 16:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
дүниежүзілік рекорд күріш алдын алу жоңғар шапқынышылығы күрес ЖИТС «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы 383 сөз а әрпі Интернет жүйесі Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Жар-жар Жоқтау Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Brіtіch Empіre Британ империясы ақын Махамбет Өтемісұлы Абылай хан батыр Идеал газдар валеология Вирустар Достық туралы Абай XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы жеті жарғы БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР жаза Әбу Насыр Әл-Фараби табиғаттың ластануы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз Жүр едім боқ тазалап ат қорада жұқпалы ауру Жұқпалы аурулар Жұқпалы аурулар түрлері Бал ашпа батыр қыз би Кеңес Одағының Батыры Жәнібек хан әмір темір Батырлар жыры 9 мамыр 2006 Гимн менің қазақстаным Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы вопросы Всемирная история жаңа жыл Наурыз мейрамы жаңа күн мақал-мәтелдер Ас-тамақ Егiншiлiк дайындау Әлемнің жеті кереметі Қазақстан Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Елтаңба Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек жолы Көктүріктер мемлекеті 5+ дайындық Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл Таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия Жер сілкіну апаттары программасы -ға 2012 кілтімен Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 794
Кіші-чат
200
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 87
Бір аййдағы кіргендер: 4
Бір аптада кіргендер: 1
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 83
Олардан:
Жігіттер: 52
Қыздар: 35
Мәліметтер
Түсініктер: 196
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қосымша бет » Салт-дәстүрлер

Салт-дәстүрлер
[ Жүктеу (31.3Kb) ] 21.11.2011, 14:30
Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық. Қаз дауысты Қазыбек бидің сөзімен айтқанда:
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
жеріміздің шетін жау баспасын деп,
найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
дәм – тұзды ақтай білген елміз» - деген.
Қазақстан – ұлан – байтақ территориясы бар әлемдегі ең үлкен тоғыз мемлекеттің бірі. Жоңғар шапқыншылығынан бұрын қазақтар ең көп санды түркі халқы болған секілді. «Қазақ көп пе, масақ көп пе» деген түрікмен мәтелі осыны меңзейді. Халықтың өз ата – қонысында азшылыққа айналуы – қазақтар секілді өз тарихында әлденеше рет жойқын қасіретке ұшырап, тағдырдан көп теперіш көрген елде ғана болатын жәйт. Кең – байтақ атамекеннің әрбір қарыс сүйемін сан ғасыр бойы ата – бабамыз сыртқы жаудан сом білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қан төгісіп, жан берісіп қорғап, ұлтжандылық, отансүйгіштік рухын бойға сіңіруді келер ұрпаққа аманаттаған. Алайда тіршілік тезінен өткен, жастарды ұлттық үрдіске тәрбиелеуде маңызы бар көптеген дәстүрімізден де жазып қалғанымыз белгілі. Өмірдегі бар сүреңсіздік, адам бойына көлеңке түсіретін бүкіл жаманшылық атаулы ата салтына, елдік дәстүріне солқылдақтықтан екені белгілі болып отыр. Ұлттық тәрбиеден қағажу қалып бара жатқан жастардың отаншылдық сезіміне де кесірі тиетінін өмір дәлелдеп береді. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз жұртының қадір – қасиетінен мәлімет беретін ғұрып қасиетпен, оған мейлінше құрметпен қарау – ұлтымызға, елдігімізге сын. Тындар құлаққа, көрер көзге, сезінер жүрекке танымал, басқа елдерде жоқ
дәстүр өрнектері, ортақ мұралары, тұрмыс – тіршілігіндегі керемет салт – ғұрпы мақтаныш сезімін тудырып, жұртшылықты жалпы отаншылық пен елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды міндет атқармақ. Қазақ халқының рухани тіршілігінде, қарттарды құрметтеу, үлкендерді сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата – ананы ардақтау, әйелдерді аялау ізгі дәстүрге айналған. «Қасқа қатал, досқа адал болу» - қазақ халқының негізгі мінез – құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет – ғұрыптар бар. Солардың әрқайсысына жеке – жеке тоқтала кетсек. Қазақ халқы тарихтан бері өте меймандос халық болған. Сондықтан меймандостықтан әдет – ғұрыпын айта келсек.
«Меймандостық». Қазақтар үйіне келген әр қандай мейманды (оның қайсы ұлт болуына қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтеді. Өзінің аяаулы асын қонақасыға береді. «Қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі» болып есептеледі. Қонақ келсе «қой сойып, қол қусыру» - қазақтар үшін аса абыройлы іс және жалтартпайтын міндет. Өте қадірлі қонақтарға тай сойылып, қонақасы беріп аттандырады. Сойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдің босағасына әкеліп бата тілейді. Қонақтар бата жасаған соң мал сойылып, ет асылады. Ет піскенше меймандарға кең дастарқан жайылып, дастарқанға құрт, ірімшік, бауырсақ, жент, сары май қойылып, қаймақтаған шай құйылады, шайдан соң жаздыгүні болса қымыз, қыстыгүні болса езген қүрт беріледі. Осы мезгілде әдетте үй иесі жағынан домбыра шертіліп, күй тартылып, ән айтылады. Ет піскен соң қолға су құйылып, ет тартылады. Қонақтар алдына қойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесі тағы басқа жіліктерден жасалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуінен бір кесіп жеп, оң құлағын кесіп табаққа қойып, басты үй иесіне қос қолдап қайтарады. Бұл асабаның құрметіне белдірген разылық болып есептеледі. Мейман кұтуде малдың он екі жілігінің өз алдына мәртебесі бар. Жасы үлкен сылы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келінге асықты жілік пен төс тартылады. Балаларға тіл, құлақ, бүйрек, жүрек беріледі. Тамақ жеп болған соң ас қайтару, яғни бата тілейді, қонақтардың қолына су құйылады. Міне, қазақ халқының мейман күту дәстүрі осылай.
«Ерулік». Көшпелі қазақ халқы көші – қонды аса келелі іс санады, көшу – қазақтар үшін салтанат есептелді. Қазақ санасында көше алмай жұрттан қалудан үлкен қорлық жоқ, қазақ қауымы көшкен күні – еруде кимейтін жақсы киімдерін киеді, көштегі жүк артқан түйеге кілем – кілше, сырмақтарын оң бетін сыртына қаратып жауып салтанат етеді. Еру отырған ауылдар жанына келіп қонған ауылды жабыла қарсы алып, «қоныс жайлы болсын» айтып, олардың жүгінтүсірісіп, үйін тігіседі және «ерулік» апарады. Бұл ерулікке дастарқан көтеріп, шай апару, сабалап қымыз апару, тіпті қой сойып апару істері де болады. Бұл көшіп, шаршап келген туыс – жұрағатттарына жасалған сый – құрмет және қамқорлық еді. Бұл істер ағайын арасында «еруге қару» ретінде алма – кезек болып отырады. Мұны қазақтар «ағайын берекесі» деп атайды.
«Үме» яки «Асар». Қазақ арасында ертеден келе жатқан салттардың бірі – «үме» яки «асар салу» деп аталады. Бұл салт бойынша, көпшілік күш біріктіріп, бір – бірінің жұмысына қолқабыс көрсетді. Қауырт күш жұмсауды талап ететін жұмыс кезінде, яғни қой тоғыту, қой қырқу, жүн сабап, киіз басу, үй көтеру, жылқы күзеп, тай таңбалау, бие байлау, соғым сою, егін ору, шөп шабу және жинау, үй – жай, той жасау, ас беру, өлім ұзату және т.б. істерде ауылдастар мен руластар жабыла жұмылып, бұл істерді істеп келеді. Үй қожасы осы көмекке келіп, қолқабыс істегендерді тамақпен сыйлайды, асар салғанда көбінесе мал сойылады, бірақ қолқабыс істеушілер істеген жұмысына ақы алмайды. Бұл қарапайым малшылар арасында өзара көмектің бір түрі, яғни еруге – қару жолмен алма – кезек болып отырады. Бұл «асарға» ат салыспаған адам өз басына іс түскенде басқалардың көмегінен құр қалады. «Үме» яки «Асар» қазақ арасында өзара көмектің бір түрі болып дәстүрде мәңгі қалады.
«Жылу жәрдем». Қазақ арасында өзара көмектің осы бір түрі тым ерте кездегі рулық қауым құрылысынан бері келе жатқан әдет – ғұрыптарға жатады. Бұл әдет – ғұрып бойынша: табиғи апатқа – жұтқа, өртке, селге т.б. да дүлей күш кесіріне кенеттен кездесіп, мал – мүлкінен, баспанасынан айрылып, күн көрісі қиынға соққан адам өзінің туыстары мен руластарынан жылу – жәрдем сұрайды. Бұған ағайын – туған – туыстары мен руластары түгел көмектесіп, жылу – жәрдем жинап береді, одан ешкім де бас тартпайды. Бұл «жұртшылық жәрдемі» деп аталады. Қазақтың байырғы салты бойынша, мүлде панасыз қалған жетім – жесірлерді және қарайтын адамы жоқ, салт ба қарттар мен мүгедектерге ағайын туғандары яки руластары асырап, бағып – қағуға міндетті болған. Халық бұқарасы ішінде мұндай көмектің өмір сүруі қазақ қоғамында қайыршылардың болмауына игі әсер етіп отырды.
«Той – мереке, тағы басқа жол – жосындар». Мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі қазақ өмірінде жаздың үш ай жайлауы «өмірдің жаннаты» есептеледі. Гүл – бәйшешекке бөленіп, масатыдай құлпырған жасыл жайлау үсті мал тойынып, ақ молайып, бие байланып, елдің жұмыстан қолы босап сергіген кезі болады. Қыс қысымын көріп келген қазақтар жаз жайлауда жадырап жазылып, барлық той – томалақ, ойын сауық, сән салтанатын осы жайлауда өткізген. Қазақтың «қыс қысыл, жаз жазыл» деген сөзі осы өмірден туған. Қазақтар үшін «той» тек той жасаушы жеке отбасының қуанышы ғана емес, тіпті бір тайпа елдің ортақ мерекесі болып есептеледі. Соның үшін, бір отбасы той жасаса, оның ағайын – туған жұрағаттары, тіпті бүкіл бір тайпа ел түгел аттанысқа келіп, үйлерін апарып тігіп, биелерін байлап, астарын әзірлесіп, қонақ күтіп той жұмысын атқарады. Қазақ өміріндегі ұлылы – кішілі той – томалақ пен ырым – кәделердің түрлері де сан алуан. Қазақ өмірінің әрбір белесі тойсыз, өлеңсіз өтпейді. Қазақ тойлары «тойбастар» жырымен және шашумен басталады.
«Қалжа мен шілдехана тойы». Бір баланың дүниеге келуі тек сол бала туған отбасының қуанышы ғана емес, күллі ауыл аймақтың ортақ қуанышы. Әсіресе ұл баланың тууын қазақтар қатты қастерлеп, «ұл туғанға күн туады» дейді. Байырғы қазақ салты бойынша, бала туған күні сол отбасында той басталып, «қалжа» сойылып, маңайдағы абысын – ажын, тағы басқа әйелдер жиналып, «баланың бауы берік болсын» айтып құттықтайды. Ал кешке қыз – бозбала жиналып, түні бойы ән салып, домбыра шертіп, өлең айтып «шілдехана» күзетеді, түрлі ойын – сауық кейде өткізеді.
«Бесік тойы». Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі әйелдер шақырылады. Келген әйелдер балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан – моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат қойылатын баланың оң құлағына үш рет, сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі қадірмен әйел бір – екі келіншектің көмегімен бесікт жабдықтайды.
Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді. Тойға жиналғандар дастарқаннан дәм татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік, бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.
«Баланы атқа мінгізу». Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мінуге жаттығады. Ата – аналары баланың алғаш атқа мінуін қуаныш етіп, той жасайды. Атқа мінетін бала жаңа киім киіп, басына үкі тағып, «ашамай» деп аталатын екі қасы «Х» түрінде айшықталып жасалған ерге мініп, туған – туысқандары мен руластарын аралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл - өмілдірік, құйысқан, жырым – шеттік, шыбыртқы – қамшы сияқты ер – тұмандарын байғазыға береді. Көшпелі тұрмыстың қажетіне сай, қазақта адам баласына бірден ер – тоқым болады. Қазақ ішінде ат – көлік табу оңай, ер – тұман табу қиын. Өйткені қазақтың өмірінің көбі ат үстінде өтеді. Қазақтар «ер атымен, құс қанатымен» деп, атты ер адамның қанаты есептейді. Атқа мінудің алдыңғы шарты ер – тоқым, атқа жайдақ мінуді жаяушылықтан жаман көреді. Сондықтан «ат табылады, ер табылмайды» дейді.
«Сүндет тойы». Ислам денінің жол – жосығы бойынша қазақтар ұл баланы бес жаста яки жеті жаста с8ндетке отырғызады. Осыған байланысты той жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетін баланы басына және екі иығына үкі тағып атқа мінгізіп, жақын туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған жеріндегі туыстары шашу шашып құттықтайды. Балаға үкі қадайды, кепеш кигізеді, әл – ауқатына сай лақ, қозы, құлын сияқты жас төлдің бірін ен салып береді. Қазақ арасындағы бала сүннеттеу ісін осы кәсіппен шұғылданатын «қожалар» жүргізеді. Бұл қожаларды қазақ қауымы «Мұхаммед пайғамбардың әулеті» деп ардақтайды. Баланы сүндетке отырғызу төркіні ислам дінінен келген, кейін келе бұл ұлттық ғұрып - әдетке айналған. Баланың сүндет тойын, халық іс жүзінде оның қара құлақ болып, қатарға қосылуыныңалғашқы бір белесін тойлау деп санаған.
«Қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі». Қазақтың қыз ұзату және келін түсіру дәстүрі толып жатқан той – томалақ, ырым – кәделері арқылы болады. Бұлардың бәрі жалғасып, жұртқа түсінікті салтқа айналған. Ең алдымен қыз айттыратын жақ
қыздың ата – анасына кісі салып, құдалық сөйлеседі. Құдалық сөйлесіп, келісімге келген соң, күйеу жақ қалыңдық жаққа өлтірі (қоржын) апарады. Осы жолы «өлтірі тойы» өткізіледі. Бұл күні ақ сойылып, ақ бата жасалады. Қалыңдық ұзатылып барған соң, келін түсіру тойы жасалып, жаңа түскен келін қайын атасының үйіне енгізіледі. Осы кезде сабына қызыл – жасыл әлем байлаған қамшы ұстаған бір жігіт келіннің бетін ашады. «Берташар» жыры арқылы жаңа түскен келін жиылған жұртқа таныстырылады, келінге ақыл – насихат айтылады, әзіл – қалжың араластырып, жұртты күлдіріп отырады, келін ата – енесіне, қайынағаларына сәлем етеді. Үлкен үйдің отына май салады, май құйылған от лап етіп жанғанда, отырғандар; «От – ана, Май ана, жарылқа!» деп сыйынады. Бұл қазақтардың ислам дініне кіруден бұрынғы отқа табынатын кезінен қалған ырымдардың бірі екені даусыз. «Неке қию» салты осы келін түскен тойда өткізіледі, некені молла қияды.
«Өлең той». Өлең той бұл күйеудің қайнына ұрын барған тойына қосылып өткізілетін «түнгі той». Күйеу жақ «өлең кәде» аталатын тай, құлын тәрізді бір малды ала барады, бұл кәдені алған үй күйеу мен құдаларды, тойға жиналғандардың бір бөлігін шақырып, мал сойып қонақасы беріп, «өлең той» өткізеді. Кеш батқанан таң атқанша осы аылда ақындар айтысы болады. Бұл тойға жиналған жастар домбыра шертіп, ән айтып, би билеп, сауық – сайран жасайды. өлең тойға қатысушылардың көпшілігі жастар болады. Қазақ өміріндегі той – мерекелерде көптеген ойындар өткізіледі. Бұл ойындардың көпшілігі ашық далада, ат үстінде ойналатын спорттық сипаттағы ойындар. Олар: «мүше алып қашу», «Қыз қуар», «Көкпар тарту», «Теңге алу», «Жамбы ату», «Ат шаптыру», «Ат қарғыту», «Жорға салу», «Аударыспақ ойнау», т.б.
Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт – дәстүрлері, ырымдары өте көп. Қазақ «қазақ» деген атын осы кезге дейін қазақи салт - дәстүрлерімен, ырымдарымен, той – мереке, тағы басқа да жол – жосындарымен талай елді таң қалдырып келеді. Ата- бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңартатын ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұратхан Қани «Қазақтың көне тарихы».
2. Халел Арғынбаев «Қазақтың отбасылық дәстүрлері».
3. Сейдін Бизақов «Түбі бір түркілер».

Бөлімі: Салт-дәстүрлер | Қосқан: Мико | Ілмектер: Салт-дәстүрлер
Қарағандар: 10492 | Жүктелген: 401 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық түсініктер: 0
Аты *:
Email:
Код *: