Сәрсенбі, 05.08.2026, 10:29
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
Ыбырай Жақаев дүниежүзілік рекорд алдын алу шылым темекі жұқпалы ауру ЖИТС Асанәлі Әшімұлы а әрпі Назначение клавиш и «горячие клавиш Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) салт дәстүр Салт-дәстүрлер Жар-жар Құрбан айт Жоқтау Варшава келісімі Brіtіch Empіre халық батыры Махамбет Өтемісұлы Қазақстан Республикасының валютасы Әбілмансұр валеология Достық туралы Абай Қасым хан БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР ҚҰСТАР ҚОС МЕКЕНДІЛЕР СҮТҚОРЕКТІЛЕР ҚЫЛМЫС Әмір Темір Әбу Насыр Әл-Фараби ғалым Табиғаттың ластануы Қытай Халық Республикасы ДНҚ Арифметикалық прогрессия геометриялық прогрессия Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосынд клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең мықты тышқан Жөніме жүрген жан ем Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз туберкулез құрт ауруы Жұқпалы аурулар түрлері Әлия Молдағұлова батыр қыз би қоғам қайраткері менің қазақстаным моя казахстан 2006 Ақ көгершін Атамекен Жошы Қазақ хандығы Всемирная история ответы вопросы жаңа жыл наурыз мейрамы мақал-мәтелдер Тұрмыс-салт жырлары Әлемнің жеті кереметі Физикалық терминдер Қазақстан Қазақстан – менің Отаным Менің Отаным Мем­ле­кеттік Ту Гагарин Юрий Алексеевич ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Талғат Мұсабаев алдын-алу Қызылша ауруы Ұлы Жібек Жолы Шыңғысхан және оның ұлдары Хазар мемлекеті Түрік қағанаты дайындық программасы 5+ ҰБТ-ға орысша шпора Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ краткая история Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым таныстыру Сарыарқа тауы Австралия ШЫҰ кілтімен ҰБТ Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 870
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 110
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 106
Олардан:
Жігіттер: 69
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 200
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті

Ыбырай Алтынсарин → Кел, балалар, оқылық
[ Жүктеу (14.5 Kb) ] 22.11.2011, 20:14
Ыбырай АлтынсаринКел, балалар, оқылық

Бір құдайға сиынып, 
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз алдалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқысаңыз , балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен- күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған...
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер- білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Надандықтын белгісі -
Еш  ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу деген шыны - ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Әлпештеген ата - ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата - енең картайса  -
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
 Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не ғылғанда ұнайды?
Шырағым абай болгай деп,
Ата - енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.

Бөлімі: Қазақ әдебиеті | Қосқан: Мико
Қарағандар: 2574 | Жүктелген: 148 | Рейтинг: 0.0/0
Барлық түсініктер: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: