Бейсенбі, 02.04.2026, 17:25
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
күріш Ыбырай Жақаев қазақ халқы жоңғар шапқынышылығы күрес жұқпалы ауру ЖИТС Асанәлі Әшімұлы а әрпі Интернет жүйесі Назначение клавиш и «горячие клавиш Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі Салт-дәстүрлер Жар-жар Құрбан айт Жоқтау Варшава келісімі ұйымы Британ империясы халық батыры Махамбет Өтемісұлы Қазақстан Республикасының валютасы Әбілмансұр хан Абылай Хан Вирустар валеология үш түрі Достық туралы Абай тәуке хан ҚҰСТАР Қызыл кітап ҚЫЛМЫС жаза Әмір Темір қолбасшы Әбу Насыр Әл-Фараби ғалым Табиғаттың ластануы Нуклейн қышқылдары ДНҚ геометриялық прогрессия Арифметикалық прогрессия Өтірік өлең Жөніме жүрген жан ем Өлеңдетіп келемін жол үстінде Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз туберкулез Бал ашпа Әлия Молдағұлова қоғам қайраткері қазыбек би Кеңес Одағының Батыры Батырлар жыры 9 мамыр әнұран 2006 гимн Атамекен Қазақ хандығы вопросы ответы наурыз мейрамы жаңа жыл мақал-мәтелдер Ас-тамақ дайындау Әлемнің жеті кереметі Физика табиғат туралы ғылым Қазақстан ғарышкер Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қызылша ауруы ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек Жолы Көктүріктер мемлекеті ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемл Үйсін мемлекеті Түрік қағанаты 5+ программасы дайындық Қазақша шпаргалка краткая история Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл таныстыру Жігіт сұлтаны Аустралия Жер сілкіну апаттары кілтімен ҰБТ Жергілікті компьютерлік желілер
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 870
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 110
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 106
Олардан:
Жігіттер: 69
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қосымша бет » Салт-дәстүрлер

Жоқтау
[ Жүктеу (14.1 Kb) ] 21.11.2011, 14:43

Жоқтау (салт). «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» (Байдалы би). Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс – салт дәстүрі, , жыры, зарлы өлең. Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, өлімнің берік әдет – ғұрпы деп ұғыну керек. «Боздағым» атты қазақтың жоқтау жырларында (Алматы, 1990 ж.) Бұхардың Абылай ханды жоқтауы, Қаз  Дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты жоқтаудың көркем үлгілері бар. Жоқтау тәрбиелік үлгі - өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан.Олөлген адамның жылына дейін айтылады. Жоқтау – азалы, қайғылы, зарлы үнмен жырланады.

Жоқтауды қайтыс болған адамның әйелі, апасы, қарындасы, қызы және жақындары айтады. Ал аса құрметті адамдарға сол елдіңсұлу, әнші қыздары қатыстырылады. Мысалы, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында Сарыкөл жерінде (Қостанай) өткен Шауыпкел батырдың асында Шәңкі бидің немересі Төкіш болыстың сұлу қызы Бәдігүл мен Байғасқа бидің қызы Бәпіш жоқтау айтқан.
              Қазір жазба және ауыз әдебиетімізде жоқтаудың үлгілері өте көп. Ондағы парасатты сөздер, жақсыны ардақтау, сипаттау, мадақтау, теңеу сияқты өлең жолдарының көркем қисыны таңданарлық шеберлікпен жырланады. Оның мысалы мынадай:
 Алты атасы бай өткен,
 Алты атанға жүк артқан.
 Жеті атасы бай өткен,
 Жеті атанға жүк артқан.
 Үйде сұңқар түлеткен,
 Қияда сұңқар тілеткен.
 Алтайы қызыл түлкі алған,
 Қиядан барып теке атқан.
 Паршаны бөздей жырттырған,
 Жібекті жүндей түттірген.
 Қонақ келсе – қон деген.
 Қой семізін сой деген.
 Шынжырлы қауға тарттырған,
 Қайыңнан астау шаптырған.
 Қаптатып жылқы шаптырған...
  (Кеңгірбай биді жоқтау)

 Айналайын, әкежан,
 Қараның болдың ханындай.
 Қарайғанды ықтаттың,
 Қамысқа түскен жалындай.
 Орта жүздің көркі едің,
  Қоңыраулы бұйра нарындай.
 Ағайынды жинадың,
 Алпыс үйлі ауылдай.
 Орынды болдың орасан,
 « Мыңжылқының» қауындай
 Көпке пайдаң көп тиді,
 Көктемдегі жауындай.
 Желінбей қалды жеңсігің
 Жаңа піскен қауындай.
 Өте шықты сұм жалған.
 Бәйге атының шаңындай.
 Адыра қалды ақ ордаң,
 Иесіз қалған ауылдай.
   (Әйтекені жоқтау)
              Қазалы күнде жоқтау айту – ұлттық дәстүріміздің жақсы үлгісі. Оны айтудың, жалғастырудың ешқандай ерсілігі жоқ. Халық ғұрыпы бойынша жоқтау айтқан әйелдер мен қыздар үш күн бойы аяқ – табаққа араласпайды, яғни тамақ әзірлеуге қосылмайды. Біздің қазақ ұлтының осы ырымынан – ақ ғасырлар бойы жинақталып түзілген қасиетті салт – дәстүріміздің сыпайы мәдениеті мен әдебінің жоғары болмысы көрініп тұрған жоқ па! Туған халқымыздың осындай тәрбиелік әрі зор рухани мұраларының бірегей де тәлімдік тәсілдері мен жолдарын кейінгі өсер ұрпаққа жеткізе, түсіндіре білу барлық білікті азаматтардың парызы екенін ұмытпағанымыз жөн.

Бөлімі: Салт-дәстүрлер | Қосқан: Мико | Ілмектер: Жоқтау
Қарағандар: 9792 | Жүктелген: 199 | Түсініктер: 2 | Рейтинг: 3.7/3
Барлық түсініктер: 0
dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: