Бейсенбі, 02.04.2026, 15:55
Приветствую Вас Гость | RSS
Кіру жолы
Internet
IP
Ілмектер
Ыбырай Жақаев күріш шылым алдын алу жоңғар шапқынышылығы қазақ халқы жұқпалы ауру «Менің Қазақстаным» Әнұран «Моя Казахстан» Гимн КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР Асанәлі Әшімұлы Клавиштермен жұмыс істеу (қызметі) EXCEL программасы WINDOWS жүйесі салт дәстүр Жар-жар Варшава келісімі Варшава келісімі ұйымы Британ империясы ақын Қазақстан Республикасының валютасы батыр валеология үш түрі қара сөздер Абай жеті жарғы ҚОС МЕКЕНДІЛЕР БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР Қызыл кітап СҮТҚОРЕКТІЛЕР Әмір Темір қолбасшы Әбу Насыр Әл-Фараби ғалым Табиғаттың ластануы Қытай Халық Республикасы Нуклейн қышқылдары геометриялық прогрессия Anima Gate of Memories клавиатурамен жұмыс жасау Өтірік өлең Жас кезде мына біздер Гаста екеуміз құрт ауруы туберкулез би қазыбек би Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы тригонометрия таблица Ұлы Жеңіс 9 мамыр менің қазақстаным моя казахстан гимн Ақ көгершін Атамекен әлия Қазақ хандығы вопросы наурыз мейрамы жаңа жыл мақал-мәтелдер Ас-тамақ тазалық-денсаулық Егiншiлiк дайындау Наурыз көже Тұрмыс-салт жырлары Қазақ хандығының құрылуы және нығаю Әлемнің жеті кереметі Физикалық терминдер табиғат туралы ғылым Қазақстан елтаңба ғарышкер Талғат Мұсабаев Қызылша ауруы алдын-алу ЕГИПЕТ БИЛЕУШІСІ ҚЫПШАҚ БЕЙБАРЫС Ұлы Жібек Жолы ХХ ғасырдағы соғыс кезеңіндегі мемл Шыңғысхан және оның ұлдары Үйсін мемлекеті Қытай Түрік қағанаты программасы дайындық 5+ Қазақша орысша Казахстан ЖИЗНЬ ДРЕВНЕЙШИХ ЛЮДЕЙ Бөгенбай батыр Армысыздар жиналған көпшіл қауым Күзгі балл таныстыру Жігіт сұлтаны Австралия Аустралия -ға
Сағат
Біздің сұрау
Сайтты бағала
Барлық жауаптар: 870
Кіші-чат
Қолданушылар
Сайтқа тіркелгендер: Барлығы: 110
Бір аййдағы кіргендер: 0
Бір аптада кіргендер: 0
Кеше кіргендер: 0
Бүгін кіргендер: 0
Олардан:
Бастықтар: 3
Дизайншылар: 0
Тексерілгендер: 1
Жай адамдар: 106
Олардан:
Жігіттер: 69
Қыздар: 41
Мәліметтер
Түсініктер: 201
Форумдар: 2/2
Мәліметтер: 109
Қонақ кітабында: 1
Статистика
Сайттағы адамдар: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0
Подробно
Онлайн

Қазақша рефераттар

Рефераттар әлемі

Негізгі » Файлдар » Қазақша рефераттар » Дүние жүзі тарихы

Түрік қағанаты
[ Жүктеу (27.5 Kb) ] 20.01.2012, 15:12

Қазақстан жері 6 ғасырда аса қуатты держава - Түрік қағанатының билігінің астына түсті. Оның басқарушылары ашин руының түрік тайпасы әулетінен шықты. Қағанат құрылуы алдындағы түрік этносының өз қалыптасуы кезеңдесіп 3 ғасырдан 4 ғасырдың ортасына дейін Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында өтті. Алғаш рет "түрік" этнонимін еске алу қытай жылнамаларында кездеседі және 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді хұндардың ұрпақтары деп санады.

Тарихи сахнада Түрік қағанатының пайда болуы Бумын қаған атымен тікелей байланысты. Халық арасында оны "Ел қағаны" немесе "Ілік қаған" (бірінші қаған) деп атады. Мұның мағынасы "Бүкіл елдің патшасы" дегенді білдіреді. Бумын қағанның басшылығымен теле рулары мен тайпалары болып бірігіп, өздері билігінің астында болған "жуан-жуандарға" қарсы шығады.

Бумынның басшылығымен түріктер 552 жылы шайқастарда жуан-жуандарды талқандайды. Соғысқа араларында ең күшті Ашин руы бар түріктердің жуан-жуандардың қарамағынан құтылу тілегі себеп болды. Жуан-жуандарды соғысқа арандату үшін түріктер жуандар қағаны Анахуанның қызын өздерінің көсеміне әйелдікке айттырады. Бұл тілек Ананхуанның намысына тиеді, өйткені түріктер бұрын бұл туралы ештеңені ойларына алмайтын, олардың әскерлері үшін темір қорытып, жуандарға алым салықтарын мінсіз төлеп тұрған. Жеңіске өз тілектеріне орай түріктер жетеді. Бумын қаған оларға шабуыл жасап, талқандайды. Анахуань өзін-өзі өлтіреді, ал жуандардың тақ мұрагері өз өмірін сақтап қалу үшін көрші елге бас сауғалайды. өкінішке қарай, халық "Ел қағаны" деп атаған Бумын қаған сол жылы өледі.

Бумынның қазасынан кейін таққа оның кіші інісі Қараескі отырады, оның басшылығымен түріктер жуан-жуандарға Бұқрат тауында, Орхонның жоғарғы ағысының бір жерінде екінші рет соққы береді. Қысқа уақыт ішінде (552-554 ж.ж.) түріктер каи (татабтар), қидандар және оғыз-татарлар, солтүстікте енисейлік қырғыз тайпаларын жаулап алады.

Бұл жылдары түріктердің батыстағы әскери науқаны одан да белсендірек бола түседі. Оларды Түрік қағанатының негізін құрушы Бумын қағанның екінші бір інісі Истеми қаған басқарады. Ол ағасының көзі тірісінде 10 рулық-тайпалық бірлестіктерді (тайпаны) басқарды және бірнеше рет батысқа жорықтар жасады.

Жужандарды 554 жылы толық талқандағаннан кейін, көктемде, шөп өскен соң, тек салт аттылардан тұратын әскерімен Истеми Каспий теңізінің жағалауынан шығады. Кейін ақын Әбілқасым Фирдауси "Шахнамеде" - "Патшалар кітабында" жазғандай, Истеми иеліктері Қытайдан Әмударияға дейін созылып жатты. Бұдан бір жарым - екі жыл ішінде түріктер өздеріне бүкіл Орталық Қазақстанды, Жетысуды және Хорезм хандығын бағындырып алғаны көрінеді.

Истеми 561 жылы Орта Азияға орнығып алған эфталиттерге (Ақ ғұндар) қарсы соғыс бастайды. Эфталиттер жуан-жуандардың одақтастары болды, сондықтан оларға қарсы тұру үшін Истеми Иранмен одақ құрады. Несефа (Қарши) қаласының түбінде эфталиттер түріктерден ойсырай толық жеңіледі.

Парсылармен де күресе жүріп, Истеми Византиямен одақ құрады. Мәселе эфталиттер мұрасын бөлісуде түріктер мен парсылар (Иран) келісімге келе алмауында болады. Византиялық елші Менандр Истемидің ордасында болғанын өзінің жазбаларында былайша суреттейді: "Олар түстенді, және сол күнін шатырда тойлаумен өткізді. Ол түрлі бояулармен әдемі бүркілген жібек маталардан жасалған. Олар шарап ішті, бірақ біздегі жүзімді сығып алатындай емес. Олар пайдаланатын қайдағы бір тағылық сусын. Келесі күні олар (римдіктер) сондай жібекпен жабылған және қожалақтанған басқа баспанаға ауыстырылды. Мұнда да түрлі кейіптегі табынатындары (ардақтысы) тұрды. Дизавул (Истеми қаған) түгел алтыннан апталған былғары үстінде отырады. Бұл бөлменің ортасында алтын ыдыс-аяқтар мен әшекей бұйымдар самсап тұрады ... Келесі күні олар алтынмен қапталған ағаш бағандары, сондай-ақ алтыннан құйылған төрт тауыс құс бейнелі тіреуге орнатылған тағы бар бөлмеге келеді. Бөлменің алдындағы кең жерге арбалар ұзынынан қойылыпты, олардың үсті күміске, ыдыс-аяқ пен кәрзіңкелерге және күмістен құйылған, бізде жасалатындардан бірде кем емес төрт аяқты аңдардың мүсіндеріне толы".

Алайда 575 жылы Византия мен Рим өзара келісім жасасады. Түріктерге қарсы күреске олардың вассалдарын тарту үшін, Византия Закавказьеге және Кавказға да еніп кетуге талпынады. Бұған жауап ретінде бұл аймаққа түрік салт аттылары жойқын жорық жасайды.

Бірақ осыншама кең жерде мемлекеттігі әлі қалыптаса бастау шеңберіндегі Түрік қағанаты ұзақ уақыт тұра алмады. Қарудың күшімен 603 жылы құрылған империя екі дербес - Шығыс және Батыс қағанатына бөлінді. Соңғысының астанасы Жетісудағы Суяб қаласында болды.


Бөлімі: Дүние жүзі тарихы | Қосқан: Мико | Ілмектер: Түрік қағанаты
Қарағандар: 6552 | Жүктелген: 491 | Түсініктер: 2 | Рейтинг: 5.0/2
Барлық түсініктер: 2
0  
2 артыкбаева гулжайна   (25.05.2014 10:01) [Мәлімет]
ормально пайдет

0  
1 Сарбиназ   (21.09.2013 15:42) [Мәлімет]
Рахмет

dth="100%" cellspacing="1" cellpadding="2" class="commTable">
Аты *:
Email:
Код *: